Ваш гид в законодательстве Казахстана

Каз Рус

Печать

Ст. 1072-4 ҚР азаматтық кодексi (ерекше бөлiм) 1999 жылғы 1 шілдедегі N 409


Действующий с изменениями и дополнениями. Проверено 14.06.2018

ҚР азаматтық кодексi (ерекше бөлiм)
1072-4-бап. Мұраны қабылдау құқығының ауысуы (мұрагерлiк трансмиссия)

Егер заң бойынша немесе өсиет бойынша мұрагер мұраны осы Кодекстiң 1072-2-бабында белгiленген мерзiмде қабылдап үлгермей, мұра ашылғаннан кейiн қайтыс болса, онда мұраның оған тиесiлi үлесiн қабылдау құқығы оның мұрагерлерiне ауысады.  

Қайтыс болған мұрагердiң осы құқығын оның мұрагерлерi мұраны қабылдауға арналған мерзiмнiң қалған бөлiгi iшiнде жалпы негiздерде жүзеге асыра алады.  

Егер мерзiмнiң қалған бөлiгi үш айдан аз болса, ол үш айға дейiн ұзартылады.  

Мұраны қабылдау үшiн белгiленген мерзiм аяқталғаннан кейiн, егер сот қайтыс болған мұрагердiң мұрагерлерiнiң осы мерзiмдi өткiзiп алу себептерiн дәлелдi деп тапса, онда сот оларды осы Кодекстiң 1072-3-бабына сәйкес мұраны қабылдады деп тануы мүмкiн.  

Мұрагердiң осы Кодекстiң 1069-бабына сәйкес мiндеттi үлес ретiнде мұраның бiр бөлiгiн қабылдау құқығы оның мұрагерлерiне ауыспайды.  

Ескерту. 1072-4-баппен толықтырылды - Қазақстан Республикасының 2007.01.12. N 225 Заңымен.
 

Статья 406 ...1072‑2 1072‑3 1072‑4 1073 1074 ...1124

Перейти к статье






Добавить комментарий к 1072-4-бап ҚР азаматтық кодексi (ерекше бөлiм) 1999 жылғы 1 шілдедегі N 409