Ваш гид в законодательстве Казахстана

Каз Рус
< ҚР азаматтық кодексi (ерекше бөлiм)

ҚР азаматтық кодексi (ерекше бөлiм)
429-бап. Тауардың сатушы жауап беретiн кемшiлiктерi



Ст. 429 ҚР азаматтық кодексi (ерекше бөлiм) 1999 жылғы 1 шілдедегі N 409



1. Егер сатып алушы тауардағы кемшiлiктердiң өзiне берiлгенге дейiн пайда болғанын немесе сол кезге дейiн пайда болған себептерден туындағанын дәлелдесе, тауардың кемшiлiктерi үшiн сатушы жауап бередi.  

Сатушы сатылған тауардың кемшiлiктерi үшiн олар жөнiнде өзi бiлмеген кезде де жауап бередi. Сатушыны жауапкершiлiктен босату туралы немесе оны шектеу туралы келiсiм жарамсыз болады.  

2. Егер тауардағы кемшiлiктердiң олар сатып алушыға берілгеннен кейін сатып алушының тауарды пайдалану немесе оны сақтау ережелерiн бұзуы не үшiншi бiр тұлғалардың әрекеттерi немесе дүлей күштiң салдарынан пайда болғанын дәлелдемесе, сатушы сапа кепiлдiгiн берген тауарға қатысты тауардың кемшiлiктерi үшiн жауап бередi.

Статья 406 ...427 428 429 430 431 ...1124 

Перейти к статье






Добавить комментарий к 429-бап ҚР азаматтық кодексi (ерекше бөлiм) 1999 жылғы 1 шілдедегі N 409