Ваш гид в законодательстве Казахстана

Каз Рус

ҚР азаматтық кодексi (ерекше бөлiм)
476-бап. Шартты орындаудан бiржақты бас тарту



Ст. 476 ҚР азаматтық кодексi (ерекше бөлiм) 1999 жылғы 1 шілдедегі N 409




1. Тараптардың бiреуi (осы Кодекстiң 401-бабы 2-тармағының екiншi бөлiгi) шартты елеулi түрде бұзған жағдайда шартты (толық немесе iшiнара) орындаудан бiржақты бас тартуға немесе оны бiржақты өзгертуге жол берiледi.  

2. Тауар берушiмен шарттың бұзылуы мына жағдайларда:  

1) кемшiлiгi бар, сапасы лайықсыз тауар берiлiп, ол кемшiлiктердi сатып алушы үшiн қолайлы мерзiмде жою мүмкiн болмағанда;  

2) тауар беру мерзiмдерi бiрнеше рет бұзылғанда елеулi деп ұйғарылады.  

3. Сатып алушымен шарттың бұзылуы мына жағдайларда:  

1) тауарларға ақы төлеу мерзімдері бірнеше рет бұзылғанда;  

2) бiрнеше рет тауарлар таңдалып алынбағанда елеулi деп ұйғарылады.  

4. Тараптардың келiсiмiмен шартты орындаудан немесе оны бiржақты өзгертуден бiржақты бас тартудың өзге де негiздерi көзделуi мүмкiн.  

5. Бiр тарап шартты өзгерту немесе оны орындаудан бiржақты бас тарту туралы екінші тараптан хабар алған кезден бастап, егер хабарда шартты бұзудың немесе өзгертудiң өзге мерзiмi көзделмесе не тараптардың келiсiмiнде белгiленбесе, тауар жеткiзiлiмi шарты бұзылған немесе өзгертiлген деп есептеледi.


Статья 406 ...474 475 476 477 478 ...1124 

Перейти к статье
Скачать бесплатно ҚР азаматтық кодексi (ерекше бөлiм) 1999 жылғы 1 шілдедегі N 409 

Задать вопрос на юридическом форуме



Добавить комментарий к 476-бап ҚР азаматтық кодексi (ерекше бөлiм) 1999 жылғы 1 шілдедегі N 409