Ваш гид в законодательстве Казахстана

Каз Рус

ҚР азаматтық кодексi (ерекше бөлiм)
495-бап. Сатуға жататын кәсiпорынның құрамын белгiлеу және құнын бағалау



Ст. 495 ҚР азаматтық кодексi (ерекше бөлiм) 1999 жылғы 1 шілдедегі N 409




1. Сатуға жататын кәсiпорынның құрамы мен құны, егер заң актiлерiнде өзгеше көзделмесе, тараптардың келiсiмiмен айқындалады.  

2. Шартқа қол қойылғанға дейiн тараптар: түгендеу актiсiн, бухгалтерлiк балансты, кәсiпорынның құрамы мен құны туралы аудиторлық ұйымның аудиторлық есебiн, сондай-ақ кредит берушiлердi, олар қойған талаптардың сипатын, мөлшерi мен мерзiмдерiн көрсете отырып, кәсiпорынның құрамына енгiзiлетiн барлық борыштың (мiндеттемелердiң) тiзбесiн жасап, қарауға тиiс. V022067 

Аталған құжаттарда көрсетiлген мүлiк, құқықтар мен мiндеттер, егер осы Кодекстiң 493-бабынан өзгеше туындамайтын болса және шартта өзгеше белгiленбесе, сатушыдан сатып алушыға ауысуға тиiс.  

Ескерту. 495-бапқа өзгерту енгізілді - Қазақстан Республикасының 2006.05.05. N 139 Заңымен.


Статья 406 ...493 494 495 496 497 ...1124 

Перейти к статье
Скачать бесплатно ҚР азаматтық кодексi (ерекше бөлiм) 1999 жылғы 1 шілдедегі N 409 

Задать вопрос на юридическом форуме



Добавить комментарий к 495-бап ҚР азаматтық кодексi (ерекше бөлiм) 1999 жылғы 1 шілдедегі N 409