Ваш гид в законодательстве Казахстана

Каз Рус

ҚР азаматтық кодексi (ерекше бөлiм)
612-бап. Шартты мерзiмiнен бұрын бұзу



Ст. 612 ҚР азаматтық кодексi (ерекше бөлiм) 1999 жылғы 1 шілдедегі N 409



1. Несие берушi тегiн пайдалану шартын мерзiмiнен бұрын бұзуды несие алушы:  

1) мүлiктi шартқа немесе мақсатына сәйкес пайдаланбаған;  

2) мүлiктi дұрыс күйiнде сақтау немесе оны ұстап-тұту жөнiндегi мiндеттерiн орындамаған;  

3) мүлiктiң жай-күйiне елеулі түрде нашарлатқан;  

4) несие берушiнiң келiсiмiнсiз мүлiктi үшiншi тұлғаға берген  

жағдайларда талап етуге құқылы.  

2. Несие алушы:  

1) мүлiктi қалыпты пайдалануды мүмкiн етпейтiн немесе ауырлататын кемшiлiктерiн тапқан кезде, олардың бар екенi туралы шарт жасасу кезiнде бiлмеген және бiлуі мүмкiн болмаса;  

2) егер мүлiк ол жауап бермейтiн мән-жайларға байланысты пайдалануға жарамсыз күйде болса;  

3) егер шартты жасау кезiнде несие берушi оған берiлген мүлiкке үшiншi тұлғалардың құқықтары туралы ескертпесе;  

4) несие берушi мүлiктi беру не оның керек-жарақтары мен оған қатысты құжаттарды беру мiндетiн орындамаса, тегiн пайдалану шартын мерзiмiнен бұрын бұзуды талап етуге құқылы.

Статья 406 ...610 611 612 613 614 ...1124 

Перейти к статье
Скачать бесплатно ҚР азаматтық кодексi (ерекше бөлiм) 1999 жылғы 1 шілдедегі N 409 

Задать вопрос на юридическом форуме



Добавить комментарий к 612-бап ҚР азаматтық кодексi (ерекше бөлiм) 1999 жылғы 1 шілдедегі N 409