Ваш гид в законодательстве Казахстана

Каз Рус

ҚР азаматтық кодексi (ерекше бөлiм)
614-бап. Шарттағы тараптардың өзгеруi



Ст. 614 ҚР азаматтық кодексi (ерекше бөлiм) 1999 жылғы 1 шілдедегі N 409



1. Несие берушi мүлiкке иелiктен айыруды жүргiзуге немесе оны үшiншi тұлғаға тегiн пайдалану үшiн беруге құқылы. Бұл орайда жаңа меншiк иесiне немесе пайдаланушыға бұрын жасалған тегiн пайдалану шартынан құқықтар ауысады, ал оның мүлiкке қатысты құқықтарына несие алушының құқықтары қосылады.  

2. Несие берушi азамат қайтыс болған не несие берушi заңды тұлға қайта ұйымдастырылған немесе таратылған жағдайда несие берушiнiң құқықтары мен мiндеттерi тегiн пайдалану шарты бойынша мұрагерге (құқық мирасқорына) немесе мүлiкке меншiк құқығы немесе мүлiк тегiн пайдалануға берiлген деп негiзге алынған өзге құқық ауысқан басқа тұлғаға көшедi.  

Несие алушы - заңды тұлға қайта ұйымдастырылған жағдайда, егер шартта өзгеше көзделмесе, оның құқықтары мен мiндеттерi шарт бойынша оның құқық мирасқоры болып табылатын заңды тұлғаға көшедi.

Статья 406 ...612 613 614 615 616 ...1124 

Перейти к статье
Скачать бесплатно ҚР азаматтық кодексi (ерекше бөлiм) 1999 жылғы 1 шілдедегі N 409 

Задать вопрос на юридическом форуме



Добавить комментарий к 614-бап ҚР азаматтық кодексi (ерекше бөлiм) 1999 жылғы 1 шілдедегі N 409