Ваш гид в законодательстве Казахстана

Каз Рус

Печать

Ст. 726 ҚР азаматтық кодексi (ерекше бөлiм) 1999 жылғы 1 шілдедегі N 409


Действующий с изменениями и дополнениями. Проверено 19.11.2018

ҚР азаматтық кодексi (ерекше бөлiм)
726-бап. Мемлекеттiк заем шарты

1. Мемлекеттiк заем шарты бойынша заемшы - мемлекет, ал заем беруші - азамат немесе заңды тұлға болады.  

2. Мемлекеттiк заемдар ерiктi болып табылады.  

3. Мемлекеттiк заем шарты заем берушiнiң шығарылған мемлекеттiк облигацияларды, сондай-ақ заем берушiнiң заемшыдан одан қарызға берілген ақшаны немесе заем талаптарына байланысты өзге де мүліктік баламаны, белгiленген сыйақыны немесе өзге де мүлiктiк құқықтарды осы заемды айналымға шығару шарттарында көзделген мерзiмде алу құқығын куәландыратын басқа да мемлекеттiк бағалы қағаздарды (құжаттық немесе құжаттық емес) алу жолымен жасалады.  

4. Мемлекеттiк заем шартынан туындайтын өз мiндеттемелерi бойынша, заемшы тиiстi қазынаның мүлкiмен жауап бередi.  

5. Қазақстан Республикасының мемлекеттiк заем қатынастарына қатысу ерекшелiктерi заң актiлерiмен белгiленуi мүмкiн.
Статья 406 ...724 725 726 727 728 ...1124

Перейти к статье






Добавить комментарий к 726-бап ҚР азаматтық кодексi (ерекше бөлiм) 1999 жылғы 1 шілдедегі N 409