Ваш гид в законодательстве Казахстана

Каз Рус

ҚР азаматтық кодексi (ерекше бөлiм)
740-бап. Банктегі ақшаға билік етуді шектеу



Ст. 740 ҚР азаматтық кодексi (ерекше бөлiм) 1999 жылғы 1 шілдедегі N 409



1. Азаматтардың және заңды тұлғалардың банктік шоттардағы ақшаcына тек қана сот актілері негізінде соттар және сот орындаушыларының сот санкциялаған қаулылары негізінде сот орындаушылары Қазақстан Республикасының қылмыстық-процестік және азаматтық процестік заңнамасында және Қазақстан Республикасының атқарушылық іс жүргізу және сот орындаушыларының мәртебесі туралы заңнамасында белгіленген тәртіппен және негіздер бойынша тыйым салуы мүмкін. 

Жеке немесе заңды тұлғаның банктік шоттардағы ақшасына және басқа да мүлкіне тек қана сотқа дейінгі тергеп-тексеруді жүзеге асыратын адам прокурордың келісімімен мүлікке билік етуге уақытша шектеу белгілеуі мүмкін. 

Мүлікке билік етуге уақытша шектеу белгілеуге, мемлекеттік бюджеттен және (немесе) Мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру қорынан төленетін жәрдемақылар мен әлеуметтік төлемдерді, тұрғын үй төлемдерін есепке жатқызуға арналған банктік шоттардағы ақшаға, нотариус депозиті шарттарында енгізілген ақшаға, "Мемлекеттік білім беру жинақтау жүйесі туралы" Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес жасалған білім беру жинақтау салымы туралы шарт бойынша банктік шоттардағы ақшаға, сондай-ақ уәкілетті мемлекеттік орган лицензиядан айырған және (немесе) мәжбүрлеп тарату процесінде тұрған банктердің, сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымдарының, ерікті жинақтаушы зейнетақы қорларының ақшасына тыйым салуға жол берілмейді. 

2. Заңды тұлғалар мен азаматтардың банктердегі ақшасына тыйым салу мерзімі тиісті істерді жүргізу үшін Қазақстан Республикасының қылмыстық іс жүргізу және азаматтық іс жүргізу заңнамасында белгіленген мерзімдерден аспауға тиіс.  

3. Клиенттің банктік шоттардағы ақшасына тыйым салу туралы актілерге Қазақстан Республикасының заңдарында белгіленген тәртіппен сотқа шағым жасалуы мүмкін. 

4. Клиенттің банк шоттары бойынша шығыс операцияларын тоқтата тұру Қазақстан Республикасының заңнамалық актілерінде белгіленген тәртіппен және жағдайларда жүргізіледі.  

5. Клиенттің банктік шоттары бойынша шығыс операцияларын тоқтата тұру туралы уәкілетті мемлекеттік органдардың немесе лауазымды адамдардың шешімі және (немесе) өкімі тыйым салу туралы акт негізінде тыйым салынған ақша сомасына қолданылмайды. 

6. Осы баптың 7-тармағында белгіленген жағдайларды қоспағанда, клиенттің банктік шоттарындағы ақшасына тыйым салу құқығына ие тұлғалардың банк уәкілетті мемлекеттік органдардың немесе лауазымды адамдардың шығыс операцияларын тоқтата тұру туралы шешімін және (немесе) өкімін орындауға қабылдағаннан кейін берген актілері осындай шешімнің және (немесе) өкімнің күші жойылғаннан кейін орындалуға жатады. 

7. Осы Кодекстің 742-бабы 2-тармағының 4) тармақшасында көзделген талаптарды қанағаттандыру мақсатында тыйым салу жағдайларын қоспағанда, талап қоюды қамтамасыз ету немесе атқарушылық құжаттарды орындау мақсатында клиенттің банктік шоттардағы ақшасына салынған тыйымдар бірінші кезекте орындалады. 

Бұл ретте банк бұрын қабылдаған тыйым салу туралы актілерді, клиенттің банктік шоттары бойынша шығыс операцияларын тоқтата тұру туралы уәкілетті мемлекеттік органдардың немесе лауазымды адамдардың шешімдерін және (немесе) өкімдерін орындау талап қоюды қамтамасыз ету немесе атқарушылық құжаттарды орындау мақсатында тыйым салынатын ақша сомасы шегінде тоқтатыла тұрады. 

Талап қоюды қамтамасыз ету немесе атқарушылық құжаттарды орындау мақсатында клиенттің банктік шоттардағы ақшасына біреуден көп тыйым салынған кезде бұлар банктің оларды қабылдау кезектілігі тәртібімен орындалуға жатады. 

Тыйым салу туралы өзге де актілер, клиенттің банктік шоттары бойынша шығыс операцияларын тоқтата тұру туралы уәкілетті мемлекеттік органдардың немесе лауазымды адамдардың шешімдері және (немесе) өкімдері талап қоюды қамтамасыз ету немесе атқарушылық құжаттарды орындау мақсатында салынған тыйым алып тасталғаннан кейін немесе оның күші жойылғаннан кейін банктің оларды қабылдау кезектілігі тәртібімен орындалады. 

8. Банктегі ақшаға билік етуді шектеу осы Кодекстің 742-бабының 2-тармағында көзделген кезектілікке сәйкес бір кезекке және (немесе) одан жоғары тұрған кезекке жататын талаптар бойынша ақшаны алып қоюға қолданылмайды. 

Ескерту. 740-бап жаңа редакцияда - ҚР 2009.07.11. № 185-IV (қолданысқа енгізілу тәртібін 2-баптан қараңыз), өзгерістер енгізілді - 2011.02.10 № 406-IV (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі), 21.06.2013 № 106-V (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 15.01.2014 № 164-V (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 29.09.2014 № 239-V (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейiн күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi); 26.07.2016 № 12-VI (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік отыз күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңдарымен.


Статья 406 ...738-1 739 740 741 742 ...1124 

Перейти к статье
Скачать бесплатно ҚР азаматтық кодексi (ерекше бөлiм) 1999 жылғы 1 шілдедегі N 409 

Задать вопрос на юридическом форуме



Добавить комментарий к 740-бап ҚР азаматтық кодексi (ерекше бөлiм) 1999 жылғы 1 шілдедегі N 409