Ваш гид в законодательстве Казахстана

Каз Рус

Печать

ҚР азаматтық кодексi (ерекше бөлiм)
741-бап. Клиенттің келісімінсіз ақшаны алып қою

Ст. 741 ҚР азаматтық кодексi (ерекше бөлiм) 1999 жылғы 1 шілдедегі N 409


Действующий с изменениями и дополнениями. Проверено 20.04.2018

Азаматтар мен заңды тұлғалардың банктердегi және банк операцияларының жекелеген түрлерiн жүзеге асыратын өзге де ұйымдардағы ақшасын олардың келiсiмiнсiз алып қою заңды күшiне енген сот актiсi негiзiнде ғана, сондай-ақ "Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы" Қазақстан Республикасының Кодексінде (Салық кодексі), Еуразиялық экономикалық одақтың және (немесе) Қазақстан Республикасының кеден заңнамасында, "Қазақстан Республикасында зейнетақымен қамсыздандыру туралы", "Мiндеттi әлеуметтiк сақтандыру туралы", "Төлемдер және төлем жүйелері туралы", "Мiндеттi әлеуметтiк медициналық сақтандыру туралы" Қазақстан Республикасының заңдарында көзделген жағдайларда жүргiзiлуi мүмкiн.

Мыналарға:

1) мемлекеттік бюджеттен және (немесе) Мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру қорынан төленетін жәрдемақылар мен әлеуметтік төлемдерді есепке жатқызуға арналған банктік шоттардағы ақшаға;

2) тұрғын үй төлемдерін есепке жатқызуға арналған банктік шоттардағы ақшаға;

2-1) тұрғын үй төлемдерін пайдалану есебінен жинақталған тұрғын үй құрылысы жинақ ақшасы түріндегі тұрғын үй құрылысы жинақ банктеріндегі банктік шоттардағы ақшаға;

3) нотариус депозиті шарттарында енгізілген ақшаға;

4) "Мемлекеттік білім беру жинақтау жүйесі туралы" Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес жасалған білім беру жинақтау салымы туралы шарт бойынша банктік шоттардағы ақшаға;

5) әлеуметтік медициналық сақтандыру қорының банктік шоттардағы активтеріне өндіріп алуды қолдануға жол берілмейді.

Ескерту. 741-бап жаңа редакцияда - ҚР 30.06.2017 № 80-VI Заңымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); өзгеріс енгізілді - ҚР 12.12.2017 № 114-VI (01.01.2018 бастап қолданысқа енгізіледі) Заңымен.

Статья 406 ...739 740 741 742 743 ...1124

Перейти к статье






Добавить комментарий к 741-бап ҚР азаматтық кодексi (ерекше бөлiм) 1999 жылғы 1 шілдедегі N 409