Ваш гид в законодательстве Казахстана

Каз Рус

Печать

Ст. 819 ҚР азаматтық кодексi (ерекше бөлiм) 1999 жылғы 1 шілдедегі N 409


Действующий с изменениями и дополнениями. Проверено 18.09.2018

ҚР азаматтық кодексi (ерекше бөлiм)
819-бап. Сақтандыру сомасы

1. Сақтандыру сомасы - сақтандыру объектiлерi сақтандырылған адам және сақтандыру жағдайы басталған кездегі сақтандырушы жауаптылығының шектi көлемiн бiлдiретiн ақша сомасы.  

2. Сақтандыру сомаларының мөлшерлері (аннуитеттік сақтандыру шарттары мен сақтанушының инвестицияларға қатысу талабы көзделетін сақтандыру шарттарын қоспағанда) шартта белгіленеді. Міндетті сақтандыру кезінде олар Қазақстан Республикасының заңнамалық актілерінде белгіленген мөлшерлерден кем болмайды. 

3. Мүлiктi сақтандыру кезiнде сақтандыру сомасы шарт жасалған кездегi оның нақты құнынан (сақтандыру құнынан) артық бола алмайды.  

4. Сақтанушы өзін әдейі жаңылыстырғанын сақтандырушы дәлелдеген жағдайларды қоспағанда, тараптар сақтандыру шартында айқындалған мүлiк құнына дауласа алмайды. Егер сақтандыру шартында айқындалған сақтандыру сомасы сақтандыру құнынан асып түссе, сақтандыру шартын сақтандыру сомасының шарт жасалған кездегi сақтандыру құнынан асып түскен бөлiгiнде сот жарамсыз деп тануы мүмкін. 

5. алып тасталды - 2006.02.20. N 128 Заңымен .

Ескерту. 819-бапқа өзгерістер енгізілді - ҚР 2000.12.18. N 128 Заңымен , 2006.02.20. N 128 Заңымен (қолданысқа енгізілу тәртібін 2-баптан қараңыз) ); 27.02.2017 № 49-VI (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 02.07.2018 № 166-VІ (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңдарымен.
Статья 406 ...817 818 819 820 821 ...1124

Перейти к статье






Добавить комментарий к 819-бап ҚР азаматтық кодексi (ерекше бөлiм) 1999 жылғы 1 шілдедегі N 409