Ваш гид в законодательстве Казахстана

Каз Рус

Печать

ҚР азаматтық кодексi (ерекше бөлiм)
821-бап. Қос сақтандыру

Ст. 821 ҚР азаматтық кодексi (ерекше бөлiм) 1999 жылғы 1 шілдедегі N 409


Действующий с изменениями и дополнениями. Проверено 20.04.2018
1. Қос (көпше) сақтандыру - белгiлi бiр объектiнi бiрнеше сақтандырушыда әрқайсысымен дербес шарт бойынша сақтандыру.  

2. Мүлiктi қос сақтандыру кезiнде әрбiр сақтандырушы сақтанушының алдында онымен жасалған шарттың шегiнде жауапты болады, алайда сақтанушының барлық сақтандырушылардан алған сақтандыру төлемдерiнiң жалпы сомасы нақты зияннан аспауы тиiс.  

Бұл ретте сақтанушы кез келген сақтандырушыдан онымен жасалған шартта көзделген сақтандыру сомасының көлемiнде сақтандыру төлемiн алуға құқылы. Егер алынған сақтандыру төлемi нақты зиянды жаппайтын болса, сақтанушы жетпеген соманы басқа сақтандырушыдан алуға құқылы.  

Келтiрiлген зиянды басқа сақтандырушылар өтегендiктен сақтандыру төлемiнен толық немесе iшiнара босатылған сақтандырушы сақтанушыға шыққан шығындарды шегере отырып, сақтандыру сыйлықақыларының тиiстi бөлiгiн қайтаруға мiндеттi.  

3. Жеке өзiн қос (көпше) сақтандыру кезiнде әрбiр сақтандырушы өзiнiң сақтанушы алдындағы сақтандыру мiндеттемелерiн, оларды басқа сақтандырушылардың орындағандарына қарамастан, өз бетiнше атқарады.  

Ескерту. 821-бапқа өзгерту енгізілді - Қазақстан Республикасының 2000.12.18. N 128 Заңымен .

Статья 406 ...819 820 821 822 823 ...1124

Перейти к статье






Добавить комментарий к 821-бап ҚР азаматтық кодексi (ерекше бөлiм) 1999 жылғы 1 шілдедегі N 409