Ваш гид в законодательстве Казахстана

Каз Рус

Печать

Ст. 825 ҚР азаматтық кодексi (ерекше бөлiм) 1999 жылғы 1 шілдедегі N 409


Действующий с изменениями и дополнениями. Проверено 20.04.2018

ҚР азаматтық кодексi (ерекше бөлiм)
825-бап. Сақтандыру шартының нысаны

1. Сақтандыру шарты жазбаша нысанда:  

1) тараптардың сақтандыру шартын жасасуы;  

2) сақтанушыны бiр жақты тәртiпте (бiрiгу шарты) сақтандырушы әзiрлеген үлгiлiк шарттарға (сақтандыру ережелерiне) қосу және сақтандырушының сақтанушыға сақтандыру полисiн беруi.  

3) алынып тасталды

4) алынып тасталды

2. Мiндеттi сақтандыру бойынша жазбаша шарттың нысаны Қазақстан Республикасының мiндеттi сақтандыру туралы заң актiлерiнде айқындалады, ал ерiктi сақтандыру бойынша - сақтандырушы айқындайды не тараптардың келiсiмiмен айқындалады.  

3. Сақтандыру шартының жазбаша нысанын сақтамау оның маңызсыздығына алып келеді. 

Ескерту. 825-бапқа өзгерістер енгізілді - ҚР 2000.12.18. N 128 , 2003.07.01. N 445 , 10.07.2003 N 483 (01.01.2004 бастап күшіне енеді), 2006.02.20. N 128 (қолданысқа енгізілу тәртібін 2-баптан қараңыз); 27.02.2017 № 49-VI (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңдарымен.
Статья 406 ...823 824 825 825‑1 826 ...1124

Перейти к статье






Добавить комментарий к 825-бап ҚР азаматтық кодексi (ерекше бөлiм) 1999 жылғы 1 шілдедегі N 409