Ваш гид в законодательстве Казахстана

Каз Рус

ҚР азаматтық кодексi (ерекше бөлiм)
849-бап. Сенiм бiлдiрушiнiң мiндеттерi



Ст. 849 ҚР азаматтық кодексi (ерекше бөлiм) 1999 жылғы 1 шілдедегі N 409



1. Сенім бiлдiрушi, егер шартта өзгеше көзделмесе:  

1) сенiм бiлдiрiлген өкiлдi тапсырманы орындау үшiн қажеттi қаражатпен қамтамасыз етуге;  

2) сенiм бiлдiрiлген өкiлдiң тапсырманы орындау үшiн қажет болған шығындарының орнын толтыруға мiндеттi.  

2. Сенiм бiлдiрушi шартқа сәйкес сенiм бiлдiрiлген өкiл орындағанының барлығын кешiктiрмей қабылдауға мiндеттi.  

3. Сенiм бiлдiрушi тапсырманың орындалуы бойынша сенiм бiлдiрiлген өкiлге осы Кодекстiң 850-бабының ережелерiне сәйкес сыйақы төлеуге мiндеттi. 

4. Қазақстан Республикасының заңнамалық актілерінде сенiм бiлдiрушiнің өзге де міндеттері көзделуі мүмкін. 

Ескерту. 849-бапқа өзгерту енгізілді - ҚР 2010.07.15 № 338-IV (қолданысқа енгізілу тәртібін 2-б. қараңыз) Заңымен.


Статья 406 ...847 848 849 850 851 ...1124 

Перейти к статье
Скачать бесплатно ҚР азаматтық кодексi (ерекше бөлiм) 1999 жылғы 1 шілдедегі N 409 

Задать вопрос на юридическом форуме



Добавить комментарий к 849-бап ҚР азаматтық кодексi (ерекше бөлiм) 1999 жылғы 1 шілдедегі N 409