Ваш гид в законодательстве Казахстана

Каз Рус
< ҚР азаматтық кодексi (ерекше бөлiм)

ҚР азаматтық кодексi (ерекше бөлiм)
852-бап. Тапсырма шартын тоқтату



Ст. 852 ҚР азаматтық кодексi (ерекше бөлiм) 1999 жылғы 1 шілдедегі N 409



1. Тапсырма шарты міндеттердi тоқтатудың жалпы негiздерiмен қатар:  

1) сенiм бiлдiрушiнiң тапсырманы ауыстыруы;  

2) сенiм бiлдiрiлген өкiлдiң бас тартуы;  

3) сенiм бiлдiрушiнiң немесе сенiм бiлдiрiлген өкiлдiң қайтыс болуы, олардың бiреуiн әрекетке қабiлетсiз, әрекетке қабiлетi шектеулi немесе хабарсыз кеттi деп танудың салдарынан тоқтатылады.  

2. Егер сенiм бiлдiрiлген өкiл тапсырма шартының тоқталғаны туралы бiлмесе және бiлуге тиiс болмаса, онда сенiм бiлдiрушiнiң нұсқауы бойынша жасалған оның iс-әрекетi сенiм бiлдiрушiнi (оның құқықтық мирасқорын) үшiншi тұлғаға және сенiм бiлдiрiлген өкiлге қатысты мiндеттейдi.  

3. Сенiм бiлдiрiлген өкiлмен жасалған шарттан бас тартқан, кәсiптер ретiнде iс-әрекет жасайтын тарап, егер шартта бұдан да ұзақ мерзiм көзделмесе, екiншi тарапқа шарттың тоқтатылғаны туралы бiр ай көлемiнде хабарлауы тиiс.

Статья 406 ...850 851 852 853 854 ...1124 

Перейти к статье






Добавить комментарий к 852-бап ҚР азаматтық кодексi (ерекше бөлiм) 1999 жылғы 1 шілдедегі N 409