Ваш гид в законодательстве Казахстана

Каз Рус
< ҚР азаматтық кодексi (ерекше бөлiм)

ҚР азаматтық кодексi (ерекше бөлiм)
931-бап. Айналасындағыларға жоғары қауiп туғызатын қызмет (жоғары қауiптiлiк көздерi) арқылы келтiрiлген зиян үшiн жауапкершiлiк



Ст. 931 ҚР азаматтық кодексi (ерекше бөлiм) 1999 жылғы 1 шілдедегі N 409



1. Қызметi айналасындағылар үшiн жоғары қауiптiлiкпен байланысты заңды тұлғалар мен азаматтар (көлiк ұйымдары, өнеркәсiп орындары, құрылыстар, көлiк құралдарының иелерi және т.б.), егер зиян дүлей күштердiң немесе жәбiрленушiнiң терiс пиғылының салдарынан пайда болғанын дәлелдемесе, жоғары қауiптiлiк көздерi келтiрген зиянды өтеуге мiндеттi.  

Зиянды өтеу мiндетi меншiк құқығымен, шаруашылық жүргiзу құқығымен немесе жедел басқару құқығымен немесе кез келген басқа да заңды негiзбен (мүлiктiк жалдау шарты, көлiк құралын басқару құқығына берiлген сенiмхат, көздердi беру туралы құзіреттi органның өкiмi арқылы және т.б.) жоғары қауiптiлiк көзiн иеленушi заңды тұлғаға немесе азаматқа жүктеледi.  

2. Жоғары қауiптiлiк көздерiнiң иелерi қауiптiлiк көздерiнiң өзара iс-қимылының (көлiк құралдарының соқтығысуы және т.б.) салдарынан үшiншi тұлғаларға келтiрiлген зиян үшiн осы баптың 1-тармағында көзделген негiздер бойынша ортақ жауапты болады.  

Жоғары қауiптiлiк көздерiнiң өзара iс-қимылы салдарынан олардың иелерiне келтiрiлген зиян жалпы негiздерде өтеледi. Бұл орайда:  

1) бiр тараптың кiнәсiнен келтiрiлген зиянды осы тарап толық көлемiнде өтейдi;  

2) екi немесе бiрнеше тараптың кiнәсiнен келтiрiлген зиян олардың әрқайсысының кiнәсiнiң дәрежесiне сай өтеледi.  

Тараптардың әрқайсысының кiнәсiнiң дәрежесiн белгiлеу мүмкiн болмаған кезде жауаптылық олардың арасында тең бөлiнедi.  

Зиян келтiруде тараптардың кiнәсi болмаған кезде олардың бiрде-бiреуiнiң зиянды өтеудi талап етуге құқығы жоқ. Тараптардың әрқайсысы мұндай жағдайда өзi шеккен шығындар тәуекелiн көтередi.  

3. Жоғары қауiптiлiк көзiнiң иесi, егер қауiптiлiк көзi басқа тұлғалардың заңға қарсы iс-әрекеттерi салдарынан иеленушiнiң иелiгiнен шыққанын дәлелдесе, осы көз келтiрген зиян үшiн жауап бермейдi. Мұндай жағдайларда жоғары қауiптiлiк көзi келтiрген зиян үшiн ондай көздi заңға қайшы иеленушiлер жауап бередi. Жоғары қауiптiлiк көзiн оның иелiгiнен заңға қайшы алуда иеленушiнiң кiнәсi болған жағдайда жауаптылық иеленушiге де, жоғары қауiптiлiк көзiн иеленген тұлғаларға да жүктелуi мүмкiн.

Статья 406 ...929 930 931 932 933 ...1124 

Перейти к статье






Добавить комментарий к 931-бап ҚР азаматтық кодексi (ерекше бөлiм) 1999 жылғы 1 шілдедегі N 409