Ваш гид в законодательстве Казахстана

Каз Рус

ҚР азаматтық кодексi (ерекше бөлiм)
964-бап. Интеллектуалдық меншiк объектiлерiне айрықша құқықтар



Ст. 964 ҚР азаматтық кодексi (ерекше бөлiм) 1999 жылғы 1 шілдедегі N 409



1. Интеллектуалдық шығармашылық меншiк объектiсiн оның иесiнiң өз қалауы бойынша кез келген әдiспен пайдалануға мүлiктiк құқығы интеллектуалдық шығармашылық қызметтiң нәтижесiне немесе дараландыру құралына айрықша құқық болып танылады.  

Айрықша құқықтар объектiсiн басқа тұлғалардың пайдалануына құқық иеленушінің келісімімен не Қазақстан Республикасының заңдарында көзделген өзге де жағдайларда жол берiледi. 

2. Интеллектуалдық меншiк объектiсiне айрықша құқықты иеленуші, егер ол осы Кодекстің және өзге де заң актілерінің ережелеріне қайшы келмесе, осы құқықты басқа адамға толық немесе iшiнара беруге, интеллектуалдық меншiк объектiсiн пайдалануға рұқсат етуге және оны өзгедей түрде пайдалануға құқылы.  

3. Айрықша құқықтарды шектеуге, осы құқықтарды жарамсыз деп тануға және оларды тоқтатуға (жоюға) осы Кодексте және өзге де заң актiлерiнде белгiленген жағдайларда, шектер мен тәртiп бойынша жол берiледi. 

Ескерту. 964-бапқа өзгеріс енгізілді - ҚР 07.04.2015 № 300-V Заңымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).


Статья 406 ...962 963 964 965 966 ...1124 

Перейти к статье
Скачать бесплатно ҚР азаматтық кодексi (ерекше бөлiм) 1999 жылғы 1 шілдедегі N 409 

Задать вопрос на юридическом форуме



Добавить комментарий к 964-бап ҚР азаматтық кодексi (ерекше бөлiм) 1999 жылғы 1 шілдедегі N 409