Ваш гид в законодательстве Казахстана

Каз Рус

ҚР азаматтық кодексi (ерекше бөлiм)
971-бап. Авторлық құқықпен қорғалатын туындылар (авторлық құқық объектiлерi)



Ст. 971 ҚР азаматтық кодексi (ерекше бөлiм) 1999 жылғы 1 шілдедегі N 409



1. Авторлық құқық шығармашылық қызмет нәтижесi болып табылатын ғылым, әдебиет және өнер туындыларына олардың бағытына, мазмұны мен маңызына, сондай-ақ оларды білдіру әдісі мен нысанына қарамастан қолданылады.  

2. Авторлық құқық халыққа таратылған (жарияланған, жарыққа шыққан, басып шығарылған, көпшiлiк алдында орындалған, көпшiлiкке көрсетiлген), сондай-ақ халыққа таратылмаған туындыларға қандай да бiр объективтi нысанда:  

1) жазбаша (қолжазба, машинаға басылған, нота жазбасы және т.б.);  

2) ауызша (көпшiлiк алдында айту, көпшiлiк алдында орындау және т.б.);  

3) дыбыс немесе бейне жазу (механикалық, цифрлық, магнитті, оптикалық және т.б.);  

4) бейнелеу (сурет, эскиз, картина, жоспар, сызба, кино, теле, бейне немесе фото кадр және т.б.);  

5) көлемдiк-кеңiстiктi (мүсiндеме, модель, макет, құрылыс және т.б.);  

6) өзге де нысандарда қолданылады.  

3. Осы баптың 1-тармағында аталған белгiлерi бар және дербес пайдаланылуы мүмкiн туындының бiр бөлiгi (оның атауын, кейiпкерлердiң атауларын қоса) авторлық құқық объектiсi болып табылады.  

4. Авторлық құқық идеялардың, тұжырымдамалардың, принциптердiң, әдiстердiң, жүйелердiң, процестердiң, жаңалықтардың, фактiлердiң жеке өздерiне қолданылмайды.  

Ескерту. 971-бапқа өзгерту енгізілді - Қазақстан Республикасының 2005.11.22. N 90 (қолданысқа енгізілу тәртібін 2-баптан қараңыз) Заңымен.


Статья 406 ...969 970 971 972 973 ...1124 

Перейти к статье
Скачать бесплатно ҚР азаматтық кодексi (ерекше бөлiм) 1999 жылғы 1 шілдедегі N 409 

Задать вопрос на юридическом форуме



Добавить комментарий к 971-бап ҚР азаматтық кодексi (ерекше бөлiм) 1999 жылғы 1 шілдедегі N 409