Ваш гид в законодательстве Казахстана

Каз Рус

Печать

Ст. 278 ҚР Азаматтық процестік кодексі 2015 жылғы 31 қазандағы № 377-V ҚРЗ


Действующий с изменениями и дополнениями. Проверено 18.09.2018

ҚР Азаматтық процестік кодексі
278-бап. Іс бойынша іс жүргізуді тоқтатудың тәртібі мен салдары

1. Іс бойынша іс жүргізу сот ұйғарымымен тоқтатылады. 

2. Іс бойынша іс жүргізу тоқтатылған жағдайда сол тараптар арасындағы дау бойынша, сол нысана туралы және сол негіздер бойынша екінші рет сотқа жүгінуге жол берілмейді.  

3. Осы Кодекстің 277-бабының 1), 2), 3), 5) және 6) тармақшаларында көзделген негіздер бойынша іс бойынша іс жүргізуді тоқтата отырып, сот ұйғарымда мемлекеттік бажды осы Кодекстің 107-бабының талаптарына сәйкес қайтару туралы көрсетеді. 

Сот іс бойынша іс жүргізуді тоқтата отырып, талап қоюды қамтамасыз ету жөнінде қолданылған шаралардың күшін жояды. 

4. Іс бойынша іс жүргізуді тоқтату туралы соттың ұйғарымына осы Кодексте көзделген жағдайларда және тәртіппен жеке шағым берілуі, прокурор өтінішхат келтіруі мүмкін. 

Ескерту. 278-бапқа өзгеріс енгізілді - ҚР 11.07.2017 № 91-VI Заңымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).

25-тарау. ТАЛАП ҚОЮ АРЫЗЫН ҚАРАУСЫЗ ҚАЛДЫРУ

Статья 1 ...276 277 278 279 280 ...505

Перейти к статье






Добавить комментарий к 278-бап ҚР Азаматтық процестік кодексі 2015 жылғы 31 қазандағы № 377-V ҚРЗ