Ваш гид в законодательстве Казахстана

Каз Рус

Печать

Ст. 98 ҚР Азаматтық процестік кодексі 2015 жылғы 31 қазандағы № 377-V ҚРЗ


Действующий с изменениями и дополнениями. Проверено 18.09.2018

ҚР Азаматтық процестік кодексі
98-бап. Заттай дәлелдемелерге билік ету

1. Осы Кодекстің 97-бабының бірінші бөлігінде көзделгеннен басқа, заттай дәлелдемелер соттың шешімі заңды күшіне енгеннен кейін олар алынған тұлғаларға қайтарылады немесе сот бұл заттарға құқығын таныған тұлғаларға беріледі немесе сот айқындайтын тәртіппен өткізіледі. 

2. Заң бойынша азаматтардың иелігінде бола алмайтын заттар тиісті ұйымдарға беріледі. 

3. Сот заттай дәлелдемелерді қарап-тексеріп және зерттеп болғаннан кейін, егер өздерінен осы дәлелдемелер алынған тұлғалар қайтару туралы өтінішхат берсе және осындай өтінішхатты қанағаттандыру істің дұрыс шешілуіне кедергі келтірмесе, іс бойынша іс жүргізу аяқталғанға дейін оларға қайтарылуы мүмкін. 

4. Сот тез бүлінетін заттай дәлелдемелерге билік ету туралы ұйғарым шығарады, ол шағым жасауға, прокурордың өтінішхаты бойынша қайта қарауға жатпайды. 

Ескерту. 98-бапқа өзгеріс енгізілді - ҚР 11.07.2017 № 91-VI Заңымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).

Статья 1 ...96 97 98 99 100 ...505

Перейти к статье






Добавить комментарий к 98-бап ҚР Азаматтық процестік кодексі 2015 жылғы 31 қазандағы № 377-V ҚРЗ