Ваш гид в законодательстве Казахстана

Каз Рус

Печать

Ст. 107 ҚР Салық кодексi 2017 жылғы 25 желтоқсандағы № 120-VІ ҚРЗ


Действующий с изменениями и дополнениями. Проверено 06.07.2018

ҚР Салық кодексi
107-бап. Сот шешімі бойынша электрондық аукциондар қорытындыларының күшін жою нәтижесінде салықтың, бюджетке төленетін төлемнің, өсімпұлдың және айыппұлдың төленген сомасын қайтару

1. Соттың заңды күшіне енген шешімімен уәкілетті заңды тұлға өткізген электрондық аукцион қорытындыларының күші жойылған жағдайда, салықтың, бюджетке төленетін төлемнің, өсімпұлдың және айыппұлдың төленген сомасын қайтару уәкілетті орган бекіткен нысандағы уәкілетті заңды тұлғаның салықтық өтініші (бұдан әрі осы баптың мақсаты үшін – қайтаруға арналған өтініш) негізінде жүргізіледі. 

Қайтаруға арналған өтінішке: 

1) заңды күшіне енген сот шешімінің көшірмесі; 

2) уәкілетті заңды тұлғаның салықты, бюджетке төленетін төлемді, өсімпұлды және айыппұлды төлегені туралы төлем құжатының көшірмесі қоса беріледі. 

2. Салықтың, бюджетке төленетін төлемнің, өсімпұлдың, айыппұлдың төленген сомасын қайтаруды төленген жердегі салық органы қайтаруға арналған өтініш берілген күннен бастап он жұмыс күні ішінде уәкілетті заңды тұлғаның банктік шотына ұлттық валютада жүргізеді.
Статья 1 ...105 106 107 108 114 ...773

Перейти к статье






Добавить комментарий к 107-бап ҚР Салық кодексi 2017 жылғы 25 желтоқсандағы № 120-VІ ҚРЗ