Ваш гид в законодательстве Казахстана

Каз Рус

ҚР Салық кодексi
106-бап. Резервтік қорларға аударымдар бойынша шегерімдер



Ст. 106 ҚР Салық кодексi N 99-IV от 10.12.2008 жылғы




РҚАО-ның ескертпесі!

1-тармаққа енгізілген өзгеріс 01.01.2014 бастап қолданысқа енгізіледі және 01.01.2020 дейін қолданыста болады - ҚР 02.07.2014 № 225-V Заңымен (қолданысқа енгізілу тәртібін 2-баптан қараңыз).

1. Акцияларының бақылау пакеті ұлттық басқарушы холдингке тиесілі ұлттық даму институты болып табылатын банкті қоспағанда, егер осы Кодекстің 90-бабының 2-1-тармағында өзгеше белгіленбесе, банктердің халықаралық қаржылық есептілік стандарттарына және Қазақстан Республикасының бухгалтерлік есеп пен қаржылық есептілік туралы заңнамасының талаптарына сәйкес және уәкілетті органның келісімі бойынша Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі бекіткен тәртіппен құрылған провизиялар (резервтер) бойынша шығыстар сомасын шегеруге құқығы бар.

Провизиялар (резервтер) сомасын айқындау кезiнде кепiлдiң және басқа қамтамасыз етудiң құны қаржылық есептiлiктiң халықаралық стандарттарына және Қазақстан Республикасының бухгалтерлiк есеп пен есептiлiк туралы заңнамасының талаптарына сәйкес уәкiлеттi органмен келiсу бойынша Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкi бекіткен провизиялар (резервтер) құру қағидаларында белгіленген жағдайларда және тәртіппен өздерiне қарсы провизия (резерв) құрылатын активтің, шартты міндеттеменің мөлшерін азайтады.

Кепілдің және басқа қамтамасыз етудің құнын айқындау тәртібін уәкілетті органның келісімі бойынша Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі белгілейді.

Осы тармақтың ережелері, өзара байланысты тараптардың пайдасына не өзара байланысты тараптардың мiндеттемелерi бойынша үшiншi тұлғаларға берiлген активтер мен шартты мiндеттемелердi қоспағанда, мынадай активтерге, шартты міндеттемелерге:

1) басқа банктерде орналастырылған корреспонденттік шоттардағы қалдықтарды қоса алғанда, депозиттерге, сондай-ақ осындай депозиттер бойынша 2012 жылғы 31 желтоқсаннан кейін есептелген сыйақыларға;

2) басқа банктер мен клиенттерге берілген кредиттерге (қаржы лизингін қоспағанда), сондай-ақ осындай кредиттер бойынша 2012 жылғы 31 желтоқсаннан кейін есептелген сыйақыларға;

3) құжаттамалық есеп-қисаптар мен кепілдіктер бойынша дебиторлық берешекке;

4) өтелмеген аккредитивтер, шығарылған немесе расталған кепілдіктерге қарсы провизиялар (резервтер) бойынша қолданылады.

РҚАО-ның ескертпесі!

1-тармақтың бесінші бөлігі 01.01.2015 бастап қолданысқа енгізіледі және 01.01.2020 дейін қолданыста болады - ҚР 27.04.2015 № 311-V Заңымен (қолданысқа енгізілу тәртібін 2-баптан қараңыз).

Осы тармақтың ережелері:

өзіне қатысты сот шешімімен қайта құрылымдау жүргізілген, дауыс беретін акцияларының 90 пайыздан астамы 2013 жылғы 31 желтоқсанда ұлттық басқарушы холдингке тиесілі банктің;

өзіне қатысты сот шешімімен қайта құрылымдау жүргізілген, дауыс беретін акцияларының 90 пайыздан астамы 2013 жылғы 31 желтоқсанда ұлттық басқарушы холдингке тиесілі, бұрын банк болып табылған заңды тұлғаның пайдасына берілген активтер мен шартты міндеттемелерге қарсы провизиялар (резервтер) бойынша да қолданылады.

РҚАО-ның ескертпесі!

1-1-тармақ 2012.01.01 бастап қолданысқа енгізіледі және 2017.01.01 дейін қолданыста болады ҚР 2012.12.26 N 61-V (қолданысқа енгізілу тәртібін 9-баптан қараңыз) Заңымен.

РҚАО-ның ескертпесі!

1-1-тармақ жаңа редакцияда көзделген - ҚР 30.11.2016 № 26-VI Заңымен (01.01.2017 бастап 01.01.2027 дейін қолданылады).

1-1. 2012 жылғы 1 қаңтарға дейін берілген және күмәндi және үмiтсiз активтер деп танылған кредиттер (қарыздар) бойынша банктердiң талап ету құқықтарын сатып алуға банктiң еншiлес ұйымына берiлген күмәндi және үмiтсiз активтерге қарсы провизияларды (резервтердi) құру шығыстарының сомаларын банктердiң шегеруге құқығы бар.

Бас банктiң күмәндi және үмiтсiз активтерiн сатып алатын еншiлес ұйымды құруға немесе сатып алуға берiлген рұқсаттар тiзбесi Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкiнiң нормативтiк құқықтық актiсiмен айқындалады.

Бұл ретте қаржылық есептіліктің халықаралық стандарттарына және Қазақстан Республикасының бухгалтерлік есеп пен есептілік туралы заңнамасы талаптарына сәйкес күмәндi және үмiтсiз активтер деп танылған кредиттер (қарыздар) бойынша талап ету құқықтарын бас банктен сатып алуға бас банктің еншiлес ұйымға берген күмәндi немесе үмiтсiз активтерге қарсы провизиялар (резервтер) құру жөніндегі шығыстар сомасы шегерiмге жатады.

Банктердiң еншiлес ұйымдарға күмәндi және үмiтсiз активтер деп танылған кредиттер (қарыздар) бойынша талап ету құқықтарын сатып алуға берген активтерiн күмәндi және үмiтсiз активтер санатына жатқызу тәртiбiн, сондай-ақ бас банктердiң еншiлес ұйымдарға берген активтерiне қарсы провизияларды (резервтердi) қалыптастыру тәртiбiн уәкiлеттi органмен келiсе отырып Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкi белгiлейдi.

Екiншi деңгейдегi банктердiң кредиттiк портфельдерiнiң сапасын жақсартуға маманданған, дауыс беретiн акцияларының жүз пайызы Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкiне тиесiлi ұйымнан сатып алынған күмәндi және үмiтсiз активтерге қарсы провизиялар (резервтер) құру жөніндегі шығыстар сомасын банктер шегерiмге жатқызуға құқылы емес.

1-2. Акцияларының бақылау пакеті ұлттық басқарушы холдингке тиесілі ұлттық даму институты болып табылатын банктерді қоспағанда, банктердің есепті салық кезеңінің соңында айқындалған серпінді резерв мөлшері мен өткен салық кезеңінің соңында айқындалған серпінді резерв мөлшерінің арасындағы оң айырма сомасын шегеруге құқығы бар.

РҚАО-ның ескертпесі!

Абзацтың бұл редакциясы ҚР 07.03.2014 № 177-V Заңына сәйкес 01.01.2013 бастап 01.01.2018 дейін қолданыста болады (тоқтатылған редакцияны ҚР Салық кодексінің № 75 архивтағы нұсқасын қараңыз).

Серпінді резервтің мөлшері уәкілетті органмен келісу бойынша Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі белгілеген тәртіппен айқындалады.

1-3. Банктік қарыз операцияларын жүргізуге арналған лицензия негізінде банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымдардың:

1) қаржы лизингін;

2) өзара байланысты тараптардың пайдасына не өзара байланысты тараптардың міндеттемелері бойынша үшінші тұлғаларға берілген кредиттерді (қарыздарды) қоспағанда, халықаралық қаржылық есептілік стандарттарына және Қазақстан Республикасының бухгалтерлік есеп пен қаржылық есептілік туралы заңнамасының талаптарына сәйкес және уәкілетті органның келісімі бойынша Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі бекіткен тәртіппен кредиттерге (қарыздарға) қарсы құрылған провизияларды (резервтерді) құру бойынша шығыстар сомасын шегеруге құқығы бар.

Провизиялар (резервтер) сомасын айқындау кезiнде кепiлдiң және басқа қамтамасыз етудiң құны қаржылық есептiлiктiң халықаралық стандарттарына және Қазақстан Республикасының бухгалтерлiк есеп пен есептiлiк туралы заңнамасының талаптарына сәйкес уәкiлеттi органмен келiсу бойынша Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкi бекіткен провизиялар (резервтер) құру қағидаларында белгіленген жағдайларда және тәртіппен өздерiне қарсы провизия (резерв) құрылатын активтің, шартты міндеттеменің мөлшерін азайтады.

Кепілдің және басқа қамтамасыз етудің құнын айқындау тәртібін уәкілетті органның келісімі бойынша Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі айқындайды.

РҚАО-ның ескертпесі!

1-4-тармақ 01.01.2015 бастап қолданысқа енгізіледі және 01.01.2020 дейін қолданыста болады - ҚР 27.04.2015 № 311-V Заңымен (қолданысқа енгізілу тәртібін 2-баптан қараңыз).

1-4. Осы баптың 1-тармағының ережелері өзіне қатысты сот шешімімен қайта құрылымдау жүргізілген, дауыс беретін акцияларының 90 пайыздан астамы 2013 жылғы 31 желтоқсанда ұлттық басқарушы холдингке тиесілі, бұрын еншілес банк болып табылған заңды тұлғаға қолданылады.

РҚАО-ның ескертпесі!

2-тармақтың қолданылуы ҚР 2008.12.10 N 100-IV Заңына сәйкес сақтандыру, қайта сақтандыру ұйымдары үшін олардың сақтандыру, қайта сақтандыру қызметтерін жүзеге асыруы бөлігінде 2012 жылғы 1 қаңтарға дейін тоқтатыла тұрады және тоқтатыла тұру кезеңінде салық салудың мынадай тәртібі қолданылады...

2. Сақтандыру, қайта сақтандыру ұйымдарының есепті салық кезеңінің соңында Қазақстан Республикасының сақтандыру және сақтандыру қызметі туралы заңнамасына сәйкес еңбек сіңірілмеген сыйлықақылар, болмаған залалдар, мәлімделген, бірақ реттелмеген залалдар, болған, бірақ мәлімделмеген залалдар бойынша құрылған сақтандыру резервтерінің мөлшері мен алдыңғы салық кезеңінің соңындағы осындай резервтердің мөлшері арасындағы оң айырма ретінде айқындалған мөлшерде еңбек сіңірілмеген сыйлықақылар, болмаған залалдар, мәлімделген, бірақ реттелмеген залалдар, болған, бірақ мәлімделмеген залалдар бойынша сақтандыру резервтерін құру жөніндегі шығыстардың сомасын шегеруге құқығы бар.

Осы тармақтың ережелері олар бойынша сақтандыру сыйлықақылары түріндегі табыс халықаралық қаржылық есептілік стандарттарына және Қазақстан Республикасының бухгалтерлік есеп пен қаржылық есептілік туралы заңнамасының талаптарына сәйкес 2012 жылғы 1 қаңтарға дейін толық мөлшерде танылған сақтандыру, қайта сақтандыру шарттарына қолданылмайды.

3. Микроқаржы ұйымдарының өзара байланысты тарапқа не өзара байланысты тараптың міндеттемелері бойынша үшінші тұлғаларға берілген активтерін қоспағанда, берілген микрокредиттер бойынша күмәнді және үмітсіз активтерге қарсы провизияларды (резервтерді) құру жөніндегі шығыстардың сомасын шегеруге құқығы бар.

Берілген микрокредиттер бойынша активтерді күмәнді және үмітсіз активтерге жатқызу тәртібін, сондай-ақ оларға қарсы провизиялар (резервтер) құру тәртібін уәкілетті органмен келісім бойынша Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі айқындайды.

4. Ұлттық басқарушы холдингтің, сондай-ақ негізгі қызмет түрі қарыз операцияларын жүзеге асыру немесе талап құқықтарын сатып алу болып табылатын және дауыс беретін акцияларының (қатысу үлестерінің) жүз пайызы ұлттық басқарушы холдингке тиесілі заңды тұлғалардың өзара байланысты тараптардың пайдасына не өзара байланысты тараптардың міндеттемелері бойынша үшінші тұлғаларға берілген активтер мен шартты міндеттемелерді (кредиттік серіктестіктердің активтері мен шартты міндеттемелерінен басқа) қоспағанда, мынадай күмәнді және үмітсіз активтерге, шартты міндеттемелерге:

банктерде орналастырылған корреспонденттік шоттардағы қалдықтарды қоса алғанда, депозиттерге;

банктер мен клиенттерге берілген кредиттерге (қаржы лизингін қоспағанда);

құжаттық есеп-қисаптар мен кепілдіктер бойынша дебиторлық берешекке;

өтелмеген аккредитивтер, шығарылған немесе расталған кепілдіктер бойынша шартты міндеттемелерге қарсы провизиялар (резервтер) құру жөніндегі шығыстар сомасын шегеруге құқығы бар.

Провизиялар (резервтер) құру жөніндегі шығыстар сомасының шегерімі Қазақстан Республикасының Үкіметі бекіткен тәртіппен құрылған провизиялар (резервтер) сомасы шегінде жүзеге асырылады.

Осы тармақта көрсетілген заңды тұлғалардың тізбесін және мұндай тізбені қалыптастыру тәртібін Қазақстан Республикасының Үкіметі бекітеді.

Осы тармақтың ережелері осы баптың 1, 2, 3-тармақтарында көрсетілген салық төлеушілерге қолданылмайды.

Ескерту. 106-бап жаңа редакцияда - ҚР 2008.12.10 N 100-IV (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңымен, 2009.02.13 N 135-IV (қолданысқа енгізілу тәртібін 3-баптан қараңыз), өзгерістер енгізілді - ҚР 2009.12.30 № 234-IV (2009.01.01 бастап қолданысқа енгізіледі), 2011.07.21 № 467-IV (2013.01.01 бастап қолданысқа енгізіледі), 2012.07.05 N 30-V (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі), 2012.11.26 N 57-V (2013.01.01 бастап қолданысқа енгізіледі), 2012.12.26 N 61-V (қолданысқа енгізілу тәртібін 9-баптан қараңыз); 05.12.2013 N 152-V (01.01.2012 бастап қолданысқа енгізіледі); 07.03.2014 N 177-V (қолданысқа енгізілу тәртібін 5-б. қараңыз); 02.07.2014 N 225-V (қолданысқа енгізілу тәртібін 2-баптан қараңыз); 27.04.2015 № 311-V (қолданысқа енгізілу тәртібін 2-баптан қараңыз) Заңдарымен.


Статья 1 ...105 105-1 106 106-1 107 ...688 

Перейти к статье
Скачать бесплатно Салық және бюджетке төленетiн басқа да мiндеттi төлемдер туралы (Салық кодексi) N 99-IV от 10.12.2008 жылғы 

Задать вопрос на юридическом форуме



Добавить комментарий к 106-бап ҚР Салық кодексi N 99-IV от 10.12.2008 жылғы