Ваш гид в законодательстве Казахстана

Каз Рус

ҚР Салық кодексi
562-бап. Бейрезидентті салық төлеушi ретінде тiркеу ерекшелігі



Ст. 562 ҚР Салық кодексi N 99-IV от 10.12.2008 жылғы




1. Филиал, өкілдік ашпай, қызметін тұрақты мекеме арқылы жүзеге асыратын бейрезидент заңды тұлға осы Кодекстің 191-бабының ережелерін ескере отырып, салық төлеуші ретінде тіркелу үшін Қазақстан Республикасында тұрақты мекеме арқылы қызметін жүзеге асыра бастаған күннен бастап күнтізбелік отыз күн ішінде тұрақты мекеме орналасқан жері бойынша салық органына мынадай:  

1) құрылтай;  

2) мемлекеттік тіркеу нөмірін (немесе оның аналогын) көрсете отырып, бейрезидентті инкорпорация еліндегі мемлекеттік тіркеуді растайтын;  

3) осындай құжат болған кезде салықтық тіркеу нөмірін (немесе оның аналогын) көрсетіп, бейрезиденттің инкорпорация еліндегі салықтық тіркелуін растайтын құжаттардың нотариат куәландырған көшірмелерін қоса бере отырып, тіркеу есебіне қою туралы салықтық өтініш беруге міндетті. 

1-1. Тиімді басқару орны (нақты басқару органының орналасқан жері) Қазақстан Республикасында болатын, шет мемлекеттің заңнамасына сәйкес құрылған заңды тұлға Қазақстан Республикасын тиімді басқару орны (нақты басқару органының орналасқан жері) деп тану туралы шешім қабылданған күннен бастап күнтізбелік отыз күн ішінде орналасқан жері бойынша салық органына мынадай: 

1) құрылтай құжаттарының; 

2) мемлекеттік тіркеу нөмірін (немесе оның аналогын) көрсете отырып, бейрезиденттің инкорпорация еліндегі мемлекеттік тіркеуді растайтын құжаттардың; 

3) осындай құжат болған кезде, салықтық тіркеу нөмірін (немесе оның аналогын) көрсете отырып, бейрезиденттің бар болған жағдайда инкорпорация елiндегi немесе резиденттік еліндегі салықтық тіркелуін растайтын құжаттарының; 

4) директорлар кеңесі жиналысының немесе осыған ұқсас басқару органының хаттамасының нотариат куәландырған көшірмелерін қоса бере отырып, салық төлеуші ретінде тіркеу есебіне қою туралы салықтық өтініш беруге міндетті. 

1-2. Тиімді басқару орны (нақты басқару органының орналасқан жері) Қазақстан Республикасында болатын шет мемлекеттің заңнамасына сәйкес құрылған заңды тұлға өзінің орналасқан жері бойынша есепке қою туралы салықтық өтініш берген және Қазақстан Республикасында филиал (өкілдік) ашпай тұрақты мекемесі бар болған жағдайда, мұндай тұрақты мекемелер осы Кодекстің 39-1-бабында белгіленген тәртіппен осындай заңды тұлғаға өзінің құқықтары мен міндеттерін беруге міндетті.  

Заңды тұлға тиімді басқару орнын (нақты басқару органының орналасқан жерін) Қазақстан Республикасына көшіру туралы шешім қабылдаған және Қазақстан Республикасында тұрақты мекеме ретінде тіркелген филиалы (өкілдігі) бар болған жағдайда, мұндай филиалдың (өкілдіктің) тіркеу деректері осы Кодекстің 563-бабында белгіленген тәртіппен өзгертуге жатады. 

2. Қазақстан Республикасында мүлікті сатып алатын (өткізетін), осы Кодекстің 197-бабының 5-тармағына сәйкес салық агенті болып табылатын немесе осы Кодекстің 197-бабының 5-1-тармағына сәйкес табыс салығын есептейтін бейрезидент мүлік сатып алғанға (өткізгенге) дейін салық төлеуші ретінде тіркелу үшін мүліктің орналасқан жері бойынша салық органына мынадай: 

1) бейрезидент жеке тұлғаның жеке басын куәландыратын немесе бейрезидентзаңды тұлғаның құрылтай құжаттарының;  

2) бейрезидент заңды тұлға үшін мемлекеттік тіркеу нөмірін (немесе оның аналогын) көрсете отырып, бейрезидентті инкорпорация еліндегі мемлекеттік тіркеуді растайтын;  

3) осындай құжат болған кезде, салықтық тіркеу нөмірін (немесе оның аналогын) көрсетіп, бейрезиденттің инкорпорация (азаматтық) еліндегі салықтық тіркелуін растайтын құжаттардың нотариат куәландырған көшірмелерін қоса бере отырып, тіркеу есебіне қою туралы салықтық өтініш беруге міндетті. 

3. Қызметі осы Кодекстің 191-бабы 1 және 5-тармақтарына сәйкес бейрезиденттің тұрақты мекемесі ретінде қаралатын сақтандыру ұйымы (сақтандыру брокері) немесе тәуелді агент, мұндай бейрезидентті салық төлеуші ретінде тіркеу үшін осы Кодекстің 191-бабы 11-тармағына сәйкес айқындалған қызметті жүзеге асыруды бастаған күннен бастап күнтізбелік отыз күн ішінде орналасқан (тұрғылықты, келген) жері бойынша салық органына мынадай:  

1) бейрезиденттің атынан кәсіпкерлік қызметті жүзеге асыруға, келісімшарттарға қол қоюға немесе өзге мақсаттарға өкілеттіктер беруге арналған шарттың (келісімнің, келісімшарттың немесе өзге де құжаттың), бар болған жағдайда;  

2) бейрезидент жеке тұлғаның жеке басын куәландыратын құжаттың немесе ол тұрақты мекемесі болып табылатын бейрезидент заңды тұлғаның құрылтай құжаттарының;  

3) бейрезидент заңды тұлға үшін мемлекеттік тіркеу нөмірін (немесе оның аналогын) көрсете отырып, бейрезиденттi ол тұрақты мекемесі болып табылатын инкорпорация еліндегі мемлекеттік тіркеуді растайтын құжаттың;  

4) салықтық тіркеу нөмірін (немесе оның аналогын), бейрезидентте бар болған жағдайда, көрсете, бейрезидентті ол тұрақты мекемесі болып табылатын инкорпорация (азаматтық) еліндегі салықтық тіркеуді растайтын құжаттың нотариат куәландырған көшірмелерін қоса бере отырып, тіркеу есебіне қою туралы салықтық өтініш беруге міндетті. 

3-1. Қызметі тұрақты мекеме құруға әкелетін резидентпен жасасқан бірлескен қызмет туралы шартқа қатысушы бейрезидент салық төлеуші ретінде тіркелу үшін осы Кодекстің 191-бабының 11-тармағына сәйкес айқындалған қызметін жүзеге асыру басталған күннен бастап күнтізбелік отыз күн ішінде бірлескен қызмет туралы шартқа қатысушы резиденттің орналасқан (тұрғылықты, келген) орны бойынша салық органына мынадай: 

1) бірлескен қызмет туралы шарттың; 

2) бейрезидент жеке тұлғаның жеке басын куәландыратын құжаттың немесе бейрезидент заңды тұлғаның құрылтай құжаттарының; 

3) мемлекеттік тіркеу нөмірін (немесе оның аналогын) көрсете отырып, бейрезиденттің инкорпорация еліндегі мемлекеттік тіркелуін растайтын құжаттың; 

4) салықтық тіркеу нөмірін (немесе оның аналогын) көрсете отырып, бейрезиденттің инкорпорация еліндегі салықтық тіркелуін растайтын құжаттың нотариат куәландырған көшірмелерін қоса тіркей отырып, тіркеу есебіне қою туралы салықтық өтінішті табыс етуге міндетті. 

4. Резидент-банктерде ағымдағы шоттар ашатын бейрезидент шот ашқанға дейін салық төлеуші ретінде тіркелуге міндетті. Салық төлеуші ретінде тіркеу үшін мұндай бейрезидент банк орналасқан жері бойынша салық органына осы баптың 2-тармағында белгіленген құжаттардың нотариат куәландырған көшірмелерін қоса бере отырып, тіркеу есебіне қою туралы салықтық өтініш береді.  

5. Қазақстан Республикасындағы көздерден осы Кодекстің ережелеріне сәйкес төлем көзінен салық салуға жатпайтын табыс алатын шетелдіктер және азаматтығы жоқ адамдар осы Кодекстің 191-бабының 11-тармағына сәйкес қызметін жүзеге асыра бастаған күннен бастап күнтізбелік отыз күн ішінде келген (тұратын) жері бойынша салық органына мынадай:  

1) шетелдіктің немесе азаматтығы жоқ адамның жеке басын куәландыратын;  

2) осындай құжат болған кезде, салықтық тіркеу нөмірін (немесе оның аналогын) көрсете отырып, азаматтық (резиденттік) еліндегі салықтық тіркелуін растайтын; 

3) ондай құжат бар болған жағдайда Қазақстан Республикасындағы көздерден алынған табыстың сомасын растайтын құжаттың нотариат куәландырған көшірмелерін қоса бере отырып, тіркеу есебіне қою туралы салықтық өтініш беруге міндетті. 

5-1. Егер осы бапта өзгеше көзделмесе, бейрезидент жеке тұлға осы Кодекстің 189-бабына сәйкес Қазақстан Республикасының резиденті деп танылған күннен бастап күнтізбелік отыз күн ішінде салық төлеуші ретінде тіркелуге міндетті. 

5-2. Қазақстан Республикасында мүлік, көлік құралдары салығы немесе жер салығы салынатын объектiсi болып табылатын мүлікті сатып алатын шетелдіктер немесе азаматтығы жоқ адамдар салық төлеуші ретінде тіркелу үшін осындай мүліктің орналасқан орны бойынша салық органына мынадай: 

1) шетелдіктің немесе азаматтығы жоқ адамның жеке басын куәландыратын; 

2) осындай құжат болған кезде, салықтық тіркеу нөмірін (немесе оның аналогын) көрсетіп, азаматтық (резиденттік) еліндегі салықтық тіркелуін растайтын құжаттардың нотариат куәландырған көшірмелерін қоса бере отырып, тіркеу есебіне қою туралы салықтық өтініш беруге міндетті. 

5-3. Резидент заңды тұлғалардың, Қазақстан Республикасындағы қызметін филиал, өкілдік арқылы жүзеге асыратын бейрезиденттердің бірінші басшылары болып табылатын шетелдіктер немесе азаматтығы жоқ адамдар салық төлеуші ретінде тіркелу үшін болатын (тұрғылықты) жері бойынша салық органына мынадай: 

1) шетелдіктің немесе азаматтығы жоқ адамның жеке басын куәландыратын; 

2) осындай құжат болған кезде, салықтық тіркеу нөмірін (немесе оның аналогын) көрсетіп, азаматтық (резиденттік) еліндегі салықтық тіркелуін растайтын құжаттардың нотариат куәландырған көшірмелерін қоса бере отырып, тіркеу есебіне қою туралы салықтық өтініш беруге міндетті. 

6. Осы Кодекстің 561-бабы 2-тармағының 4) тармақшасында көрсетілген бейрезидент Қазақстан Республикасының жер қойнауы және жер қойнауын пайдалану туралы заңнамасына сәйкес жер қойнауын пайдалану саласындағы құзырет шегінде мемлекеттік реттеуді жүзеге асыратын уәкілетті мемлекеттік және жергілікті атқарушы органдардың осы Кодекстің 197-бабы 1-тармағының 3), 4) және 5) тармақшаларында көрсетілген акцияларды, қатысу үлестерін бейрезиденттің сатып алуы туралы мәліметтері немесе осы баптың 2-тармағында белгiленген құжаттардың нотариат куәландырған көшiрмелерiн қоса тіркей отырып, осындай бейрезидент табыс еткен тiркеу есебiне қою туралы салықтық өтiнiш негізінде салық төлеуші ретінде тіркелуге жатады. 

6-1. Осы Кодекстің 561-бабы 2-тармағының 4-1) тармақшасында көрсетілген бейрезидент салық төлеуші ретінде тіркелу үшін эмитент заңды тұлғаның немесе осы Кодекстің 193-бабы 5-тармағының 7) тармақшасында, 200-1-бабының 1-тармағының 8) тармақшасында көрсетілген резидент заңды тұлғаның орналасқан жері бойынша салық органына осы баптың 2-тармағында белгіленген құжаттардың нотариат куәландырған көшірмелерін қоса тіркей отырып, тіркеу есебіне қою туралы салықтық өтінішті табыс етуге міндетті. 

7. Қазақстан Республикасында аккредиттелген шет мемлекеттің дипломатиялық және соларға теңестірілген өкілдігі, шет мемлекеттің консулдық мекемесі салық төлеуші ретінде тіркелуге жатады. Салық төлеуші ретінде тіркеу үшін мұндай өкілдік немесе мекеме Қазақстан Республикасында аккредиттелгенін растайтын құжаттың нотариат куәландырған көшірмесін қоса тіркей отырып, өзінің орналасқан жері бойынша салық органына тіркеу есебіне қою туралы салықтық өтінішті табыс етеді. 

8. Осы баптың 1-7-тармақтарында көрсетілген тұлғаларға сәйкестендіру нөмірі мен тіркеу куәлігін жасау мақсатында салық органы тіркеу есебіне қою туралы салықтық өтінішті, уәкілетті мемлекеттік органдардың мәліметтерін алған күннен бастап бір жұмыс күні ішінде әділет органдарына электрондық хабарлама жібереді.  

9. Осы баптың 1-7-тармақтарында көрсетілген бейрезиденттерге сәйкестендіру нөмірін бергені туралы электрондық хабарламаны әділет органдары салық органдарының электрондық хабарламасын алған күннен бастап бір жұмыс күнінен кешіктірмей салық органдарына жібереді.  

10. Осы баптың 1-7-тармақтарында көрсетілген бейрезиденттерді салық төлеуші ретінде тіркеуді салық органы осы Кодекстің 561-бабы 3-тармағында белгіленген мерзімде уәкілетті орган бекіткен нысан бойынша тіркеу куәлігін бере отырып жүзеге асырады.  

11. Осы Кодекстің 561-бабы 2-тармағының 4) тармақшасында көрсетілген, Қазақстан Республикасында жер қойнауын пайдаланумен байланысты бағалы қағаздарды, қатысу үлестерін сатып алған бейрезиденттің тіркеу куәлігі осы Кодекстің 197-бабы 1-тармағының 2)-4) тармақшаларында көрсетілген, Қазақстан Республикасында жер қойнауын пайдалану құқығына ие резиденттің немесе консорциумның орналасқан жері бойынша салық органында, бейрезидент талап еткенге дейін сақталады.  

12. Осы баптың 1-7-тармақтарында көрсетілген сәйкестендіру нөмірі бар бейрезиденттерге қатысты уәкілетті мемлекеттік органнан мәліметтер, тіркеу есебіне қою туралы салықтық өтініш алынған жағдайда, салық органы әділет органдарына сәйкестендіру нөмірі мен тіркеу куәлігін жасау мақсатында электрондық хабарлама жібермейді. Бұл ретте осы Кодекстің 561-бабының 2-тармағының 7) тармақшасында көрсетілген адамдарды тіркеу есебіне қою олардың тәуелді агенттерінің орналасқан жері бойынша жүзеге асырылады. 

Ескерту. 562-бапқа өзгерістер енгізілді - ҚР 2009.12.30 № 234-IV (2010.01.01 бастап қолданысқа енгізіледі), 2011.07.21 № 467-IV (2012.01.01 бастап қолданысқа енгізіледі), 2012.12.26 N 61-V (2013.01.01 бастап қолданысқа енгізіледі); 28.11.2014 № 257-V (01.01.2015 бастап қолданысқа енгізіледі) Заңдарымен.
 


Статья 1 ...560 561 562 563 564 ...688 

Перейти к статье






Добавить комментарий к 562-бап ҚР Салық кодексi N 99-IV от 10.12.2008 жылғы