Ваш гид в законодательстве Казахстана

Каз Рус
< ҚР Салық кодексi

ҚР Салық кодексi
636-бап. Салық органы лауазымды адамдарының салықтық тексеру жүргiзу үшiн аумаққа немесе үй-жайға жiберiлуi



Ст. 636 ҚР Салық кодексi N 99-IV от 10.12.2008 жылғы



1. Салық төлеушi (салық агенті) салық органдарының салықтық тексеру жүргiзетiн лауазымды адамдарын табыстарды алу үшiн пайдаланылатын аумаққа немесе үй-жайға (тұрғын үй-жайлардан басқа) не салық салу объектiлерiне және (немесе) салық салумен байланысты объектiлерге зерттеп-тексеру үшін жiберуге мiндеттi.  

2. Салық органының салықтық тексеру жүргiзушi лауазымды адамдарының көрсетiлген аумақтарға және (немесе) үй-жайларға (тұрғын үй-жайлардан басқа) кiруiне кедергі жасалған жағдайда, салықтық тексеру жүргізуге салық органының лауазымды адамдарының кіруіне жол берілмегені туралы акт жасалады.  

3. Салықтық тексеру жүргізуге салық органының лауазымды адамдарының кіруіне жол берілмегені туралы актіге салық органының тексерудi жүргiзушi лауазымды адамдары және салық төлеушi (салық агентi) қол қояды. Көрсетілген актіге қол қоюдан бас тартқан кезде салық төлеушi (салық агентi) бас тартуының себептерi туралы жазбаша түсiнiктеме беруге мiндеттi.  

4. Егер Қазақстан Республикасының заңнамалық актiлерiне сәйкес салық төлеушінің (салық агентінің) аумағына және (немесе) үй-жайына кіру үшін арнайы рұқсаттар қажет болса, салық органының лауазымды адамдарында олар болуға тиiс.  

5. Салық төлеушiнiң (салық агентінің) мынадай жағдайларда, егер:  

1) нұсқама белгiленген тәртiпте ресiмделмеген болса;  

2) нұсқамада көрсетiлген тексеру мерзiмдерi әлi басталмаған немесе өтiп кеткен болса;  

3) бұл тұлғалар нұсқамада көрсетiлмеген болса;  

4) салық органдарының лауазымды адамдарының Қазақстан Республикасының заңнамалық актілеріне сәйкес салық төлеушінің аумағына немесе үй-жайына кіру үшін қажетті арнайы рұқсаты болмаса, салық органының лауазымды адамдарын салықтық тексеру жүргiзу үшiн аумаққа немесе үй-жайға жiбермеуге құқығы бар. 

РҚАО-ның ескертпесі!

89-тараудың 2-параграфын 636-1-баппен толықтыру көзделген - ҚР 30.11.2016 № 26-VI Заңымен (01.07.2017 бастап қолданысқа енгізіледі).

Статья 1 ...635 635-1 636 637 638 ...688 

Перейти к статье






Добавить комментарий к 636-бап ҚР Салық кодексi N 99-IV от 10.12.2008 жылғы