Ваш гид в законодательстве Казахстана

Каз Рус

Қайырымдылық туралы
2-бап. Қайырымдылықтың мақсаты мен міндеттері



Ст. 2 Қайырымдылық туралы 2015 жылғы 16 қарашадағы № 402-V ҚРЗ



1. Қоғамда қайырымдылықтың рухани-адамгершілік құндылықтарын қалыптастыру, қолдау және нығайту арқылы қоғамның өзін-өзі ұйымдастыруын дамытуға жәрдемдесу қайырымдылықтың мақсаты болып табылады.

2. Қайырымдылықтың мақсатына мынадай міндеттерді орындау арқылы қол жеткізіледі:

1) бейбітшілікті, достық пен қоғамдық келісімді, халық бірлігін, рухани мәдениетті, отбасының қоғамдағы беделі мен рөлін нығайтуға жәрдемдесу, сондай-ақ ана болуды қорғау, балалар мен жастарды патриоттық тәрбиелеу;

2) азаматтар мен қоғамның материалдық, мәдени-білім алу қажеттіліктерін қанағаттандыру;

3) қайырымдылық көмек көрсету, оның ішінде әлеуметтік және медициналық мекемелерге, этномәдени бірлестіктерге, мәдениет пен өнер, білім беру, ғылым, спорт ұйымдарына және Қазақстан халқы үшін мәдени-тарихи маңызы бар объектілерге, сондай-ақ көрсетілген салалардың дамуына үлес қосқан жекелеген қайраткерлерге қайырымдылық көмек көрсету;

4) табиғат пайдалануды жақсарту, қоршаған ортаны қорғау, жануарлар дүниесін және өсімдіктер әлемін қорғау жөніндегі іс-шараларды іске асыру.

Статья 1 2 3 4 ...32 

Перейти к статье
Скачать бесплатно Қайырымдылық туралы 2015 жылғы 16 қарашадағы № 402-V ҚРЗ 

Задать вопрос на юридическом форуме



Добавить комментарий к 2-бап Қайырымдылық туралы 2015 жылғы 16 қарашадағы № 402-V ҚРЗ