Ваш гид в законодательстве Казахстана

Каз Рус
< Қайырымдылық туралы

Қайырымдылық туралы
16-бап. Қайырымдылық ұйымының басқару органдары



Ст. 16 Қайырымдылық туралы 2015 жылғы 16 қарашадағы № 402-V ҚРЗ



 1. Қайырымдылық ұйымының жарғысында көзделген тәртіппен қалыптастырылатын алқалы орган – қамқоршылық кеңес қайырымдылық ұйымының жоғары басқару органы болып табылады.

2. Қамқоршылық кеңес қайырымдылық ұйымының атқарушы органын тағайындайды, қайырымдылық ұйымы қызметінің оның жарғысының мақсатына сай болуын бақылауды, сондай-ақ жарғыда бекітілген өзге де өкілеттіктерді жүзеге асырады.

3. Қайырымдылық ұйымының жоғары басқару органының құзыретіне:

1) жарғыға өзгерістер мен толықтырулар енгізу;

2) қайырымдылық бағдарламасын бекіту;

3) алдағы жылға арналған жұмыс жоспарын, бюджетті, сондай-ақ өткен жылдың есебін бекіту;

4) қайырымдылық ұйымын қайта ұйымдастыру немесе тарату туралы шешім қабылдау жатады.

4. Қайырымдылық ұйымының атқарушы органы оның жарғысында бекітілген өкілеттіктерді жүзеге асырады.

Статья 1 ...14 15 16 17 18 ...32 

Перейти к статье






Добавить комментарий к 16-бап Қайырымдылық туралы 2015 жылғы 16 қарашадағы № 402-V ҚРЗ