Ваш гид в законодательстве Казахстана

Каз Рус

ҚР Неке (ерлi-зайыптылық) және отбасы туралы
74-бап. Ата-аналардың баланы басқа адамдардан талап ету құқығы



Ст. 74 Неке (ерлi-зайыптылық) және отбасы туралы 2011 жылғы 26 желтоқсандағы № 518-ІV



1. Ата-аналар баланы заңның немесе сот шешiмiнің негiзiнсiз өз қолында ұстап отырған кез келген адамнан оны қайтаруды талап етуге құқылы. Дау туындаған жағдайда ата-аналар өз құқықтарын қорғау үшiн сотқа жүгінуге құқылы.

Бұл талаптарды қарау кезiнде сот, егер баланы ата-аналарына беру баланың мүдделерiне сай келмейдi деген қорытындыға келсе, баланың пiкiрiн ескере отырып, ата-аналардың талап-арызын қанағаттандырудан бас тартуға құқылы.

2. Егер сот ата-аналары да, бала қолында отырған адамның да оның тиісті түрде тәрбиесін және дамуын қамтамасыз етуге жағдайы келмейтінін анықтаса, сот баланы қорғаншылық немесе қамқоршылық жөніндегі функцияларды жүзеге асыратын органның қамқорлығына бередi. 
12-тарау. АТА-АНА ҚҰҚЫҚТАРЫНАН АЙЫРУ ЖӘНЕ ОЛАРДЫ ШЕКТЕУ

Статья 1 ...72 73 74 75 76 ...283 

Перейти к статье
Скачать бесплатно Неке (ерлi-зайыптылық) және отбасы туралы 2011 жылғы 26 желтоқсандағы № 518-ІV 

Задать вопрос на юридическом форуме



Добавить комментарий к 74-бап Неке (ерлi-зайыптылық) және отбасы туралы 2011 жылғы 26 желтоқсандағы № 518-ІV