Ваш гид в законодательстве Казахстана

Каз Рус

Тұрғын үй құрылысына үлестiк қатысу туралы
20-бап. Тұрғын үй құрылысына үлестік қатысуда ақшаны мақсатты пайдалануды қамтамасыз ету



Ст. 20 Тұрғын үй құрылысына үлестiк қатысу туралы Заңы 2016 жылғы 7 сәуірдегі № 486-V ҚРЗ




1. Тұрғын үйдің (тұрғын ғимараттың) құрылысына бағытталған ақшаны мақсатты пайдалануды қамтамасыз ету мақсатында уәкілетті компания және мердігер (бас мердігер) екінші деңгейдегі бір банкте ғана біреуден аспайтын банктік шот ашуға міндетті. 

2. Уәкілетті компанияның банктік шотынан ақшаны пайдалану банктік шот шартының талаптарына сәйкес, инжинирингтік компания растаған орындалған жұмыс актісі негізінде осы баптың 8-тармағына сәйкес қаржыландыру мақсаттары үшін жүзеге асырылады. 

3. Тұрғын үй құрылысына үлестік қатысуды ұйымдастыру бойынша қызметті Кепілдік беру қорының кепілдігін алу тәсілімен жүзеге асырған кезде банктік шот осы Заңның 8-бабы 3-тармағының 3) және 4) тармақшаларына сәйкес уәкілетті компанияның ақшасын, тұрғын үйдегі (тұрғын ғимараттағы) үлесті төлеуге алынған ақшаны, қарыз қаражатын (болған жағдайда) орналастыру және ақшаны жобалау-сметалық құжаттамаға сай орындалған жұмыстар актілеріне сәйкес жұмсау үшін пайдаланылады. 

4. Тұрғын үй құрылысына үлестік қатысуды ұйымдастыру бойынша қызметті жобаға екінші деңгейдегі банктің қатысуы тәсілімен жүзеге асырған кезде банктік шот тұрғын үйдегі (тұрғын ғимараттағы) үлесті төлеуге алынған ақшаны орналастыру және пайдалану және ақшаны жобалау-сметалық құжаттамаға сай орындалған жұмыстар актілеріне сәйкес жұмсау үшін пайдаланылады. 

5. Тұрғын үй құрылысына үлестік қатысуды ұйымдастыру бойынша қызметті тұрғын үйдің (тұрғын ғимараттың) қаңқасы тұрғызылғаннан кейін үлескерлердің ақшасын тарту тәсілімен жүзеге асырылған кезде банктік шот уәкілетті компанияның тұрғын үйдегі (тұрғын ғимараттағы) үлесті төлеуге алынған ақшасын орналастыру және ақшаны жобалау-сметалық құжаттамаға сай орындалған жұмыстар актілеріне сәйкес жұмсау үшін пайдаланылады. 

6. Уәкілетті компания: 

1) осы Заңның талаптарына сәйкес енгізілген меншікті ақша; 

2) тұрғын үйдегі (тұрғын ғимараттағы) үлесті төлеуге алынған ақша, оның ішінде әрбір үлескерден түскен түсімдер бөлінісінде; 

3) тұрғын үйдің (тұрғын ғимараттың) құрылысын қаржыландыру мақсатында ұсынылған қарыз қаражаты (болған жағдайда) бөлінісінде банктік шот бойынша ақшаны есепке алуды қамтамасыз етеді. 

7. Тұрғын үй құрылысына үлестік қатысу туралы жасалған шарт үлескердің ақшасын тұрғын үйдегі (тұрғын ғимараттағы) үлестерді төлеу есебіне аудару үшін негіз болып табылады. 

8. Уәкілетті компанияның ақшаны мақсатына қарай жұмсауды сақтауы оларды: 

1) құрылыс-монтаждау жұмыстарына, жобаны басқаруға арналған шығындарға, авторлық және техникалық қадағалауларға; 

2) банктік шоттар бойынша комиссияға және банктік қарызға қызмет көрсету бойынша сыйақыны төлеуге; 

3) уәкілетті компанияның тұрғын үйдің (тұрғын ғимараттың) құрылысымен және жобаны іске асырумен байланысты өзге де шығыстарына, жобалық құнының бес пайызынан аспайтын мөлшерде, оның ішінде жарнама бойынша шығыстарға, басқарушылық персоналды ұстау бойынша шығыстарға, коммуналдық қызметтерге, телекоммуникациялық қызметтерге, офисті жалдауға байланысты шығындарға, сапаны бақылау жөніндегі техникалық паспорттарды дайындау, зертханалық сынақтар бойынша шығыстарға, салықтарға және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдерге, міндетті зейнетақы жарналары және міндетті кәсіби зейнетақы жарналары, Әлеуметтік медициналық сақтандыру қорына міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру жарналары төлемдеріне пайдалануымен қамтамасыз етіледі. 

9. Уәкілетті компания мен оның мердігерінің (бас мердігерінің) арасындағы тұрғын үйді (тұрғын ғимаратты) пайдалануға қабылданғанға дейінгі ақшалай өзара есеп айырысулар тек банктік шот арқылы ғана жүзеге асырылады. 

10. Үлескерлер ақшасының мақсатсыз пайдаланылуы анықталған жағдайда, инжинирингік компания үш жұмыс күні ішінде Кепілдік беру қорын, жергілікті атқарушы органды немесе екінші деңгейдегі банкті (тұрғын үй құрылысына үлестік қатысуды ұйымдастыру тәсіліне қарай) хабардар етеді. 

11. Уәкілетті компанияның банктік шотта орналастырылған ақшасы салынып жатқан тұрғын үй (тұрғын ғимарат) пайдалануға қабылданғанға дейін құрылыс салушының немесе уәкілетті компанияның осы Заңда көзделмеген үшінші тұлғалармен өзге де азаматтық-құқықтық мәмілелерінің нысанасы бола алмайды.


Статья 1 ...18 19 20 21 22 ...42 

Перейти к статье
Скачать бесплатно Тұрғын үй құрылысына үлестiк қатысу туралы Заңы 2016 жылғы 7 сәуірдегі № 486-V ҚРЗ 

Задать вопрос на юридическом форуме



Добавить комментарий к 20-бап Тұрғын үй құрылысына үлестiк қатысу туралы Заңы 2016 жылғы 7 сәуірдегі № 486-V ҚРЗ