Ваш гид в законодательстве Казахстана

Каз Рус

Жол жүрiсi туралы
75-бап. Көлік құралдарын басқару құқығын тоқтату



Ст. 75 Жол жүрiсi туралы 2014 жылғы 17 сәуірдегі № 194-V




 1. Мыналар көлік құралдарын басқару құқығын тоқтатуға негіздер болып табылады:

1) жүргізуші куәлігі қолданысының белгіленген мерзімінің өтуі;

2) медициналық қорытындымен расталған, көлік құралдарын қауіпсіз басқаруға кедергі келтіретін жүргізуші денсаулығының нашарлауы.

Механикалық көлік құралы жүргізушісін қайта медициналық қарап тексеруге мерзімінен бұрын жіберу көлік құралын басқару құқығын тоқтата тұруға негіз болып табылады;

3) жүргізушіні жол жүрісі қағидаларын білуін тексеруге жіберу туралы қаулыны алған күннен бастап екі ай ішінде жол жүрісі қағидаларын білуін тексеруге арналған емтиханды тапсырмау;

4) көлік құралдарын басқару құқығынан айыру.

Осы тармақтың 2) және 3) тармақшаларында көзделген негіздер бойынша көлік құралдарын басқару құқығын тоқтату уәкілетті органның (лауазымды адамның) қуынымы бойынша Қазақстан Республикасының азаматтық іс жүргізу заңнамасында көзделген тәртіппен сот шешімі бойынша жүзеге асырылады.

2. Көлік құралын басқару құқығы тоқтатылған кезде:

1) осы баптың 1-тармағының 1) тармақшасында көзделген негіз
бойынша – жол жүрісі қағидаларын білуін тексеруге арналған емтиханды тапсырғаннан және медициналық қарап тексеруден өткеннен кейін;

2) осы баптың 1-тармағының 2) тармақшасында көзделген негіз
бойынша – егер көлік құралдарын басқару құқығын тоқтатудың себебі жойылатын болса, сот шешімі бойынша;

3) осы баптың 1-тармағының 3) тармақшасында көзделген негіз бойынша – осы Заңның 73-бабында белгіленген тәртіппен;

4) осы баптың 1-тармағының 4) тармақшасында көзделген негіз бойынша қайта медициналық қарап тексеруден, емтихан тапсырғаннан және көлік құралын басқару құқығынан айыру мерзімі өткеннен кейін осы құқық қайта қалпына келтіріледі.

3. Жауаптылық шаралары ретінде көлік құралдарын басқару құқығынан айыруға не осындай құқықты шектеуге әкеп соғатын құқық бұзушылықтардың түрлері Қазақстан Республикасының заңдарында белгіленеді.


Статья 1 ...73 74 75 76 77 ...95 

Перейти к статье
Скачать бесплатно Жол жүрiсi туралы 2014 жылғы 17 сәуірдегі № 194-V 

Задать вопрос на юридическом форуме



Добавить комментарий к 75-бап Жол жүрiсi туралы 2014 жылғы 17 сәуірдегі № 194-V