Ваш гид в законодательстве Казахстана

Каз Рус
< Қазақстан Республикасының екiншi деңгейдегi банктерiнде орналастырылған депозиттерге мiндеттi кепiлдiк беру туралы

Қазақстан Республикасының екiншi деңгейдегi банктерiнде орналастырылған депозиттерге мiндеттi кепiлдiк беру туралы
21-бап. Кепiлдiк берiлген өтемдi төлеу тәртiбi



Ст. 21 Қазақстан Республикасының екiншi деңгейдегi банктерiнде орналастырылған депозиттерге мiндеттi кепiлд 2006 жылғы 7 шілдедегі N 169




1. Депозиттерге мiндеттi кепiлдiк берудi жүзеге асыратын ұйым қатысушы банктi мәжбүрлеп тарату туралы сот шешiмi заңды күшiне енген күннен бастап он төрт жұмыс күнi iшiнде Қазақстан Республикасының бүкiл аумағында мемлекеттiк және орыс тiлдерiнде таралатын мерзiмдi баспасөз басылымдарында жариялау арқылы қатысушы банктi мәжбүрлеп тарату және кепiлдiк берiлген өтемдi төлеудi жүзеге асыратын агент банктiң (не агент банктi таңдау мүмкiн болмаған жағдайда Ұлттық почта операторының) атауын көрсете отырып, кепiлдiк берiлген өтемдi төлеудiң басталғаны, төлеу кезеңi мен орны (орындары) туралы не осы Заңның 23-бабында көзделген жағдайда, кепiлдiк берiлген өтемдi төлей бастау мерзiмiн кейiнге қалдыру туралы хабарлайды.

Депозиттерге мiндеттi кепiлдiк берудi жүзеге асыратын ұйым кепiлдiк берiлген өтемдi төлей бастау мерзiмiн кейiнге қалдырған жағдайда Қазақстан Республикасының бүкiл аумағында мемлекеттiк және орыс тiлдерiнде таралатын мерзiмдi баспасөз басылымдарында жариялау арқылы төлеудiң басталуы, кезеңi, орны (орындары) және шарттары туралы депозиторларға қосымша хабарлайды.

Депозитор аталған ақпаратты депозиттерге мiндеттi кепiлдiк берудi жүзеге асыратын ұйымнан тiкелей алуға құқылы.

2. Мәжбүрлеп таратылатын қатысушы банктiң депозиторы кепiлдiк берiлген өтемдi төлей бастау туралы хабарландыру шыққан күннен бастап алты ай iшiнде өзiне кепiлдiк берiлген өтем төлеу туралы агент банкке жазбаша өтiнiш беруге құқылы, бұл өтiнiшке банктiк шот және (немесе) банктiк салым шарттарының және (немесе) салым құжаттарының түпнұсқалары мен олардың көшiрмелерi қоса берiлуге тиiс. Агент банк кепiлдiк берiлген өтемдi депозитор жеке басын куәландыратын құжатты ұсынғанда ғана төлейдi.

3. Депозитордың мәжбүрлеп таратылатын қатысушы банкке талап ету құқықтары расталған жағдайда агент банк кепiлдiк берiлген өтемдi құжаттар агент банкке келiп түскен күннен бастап бес жұмыс күнiнен кешiктiрмей төлейдi.

4. Алты ай өткеннен кейiн депозитор кепiлдiк берiлген өтемдi алу үшiн депозиттерге мiндеттi кепiлдiк берудi жүзеге асыратын ұйымға өтiнiш жасауға құқылы.

5. Егер мәжбүрлеп таратылатын қатысушы банк депозиторға қатысты кредитор немесе кепiлдiк берушi болса, кепiлдiк берiлген өтемнiң мөлшерi кепiлдiк берiлген депозит сомасы мен аталған қатысушы банктiң қарсы талаптарының сомасын есепке алу нәтижелерi бойынша шыққан айырма сомасына сүйене отырып айқындалады.  
6-тарау. ДЕПОЗИТТЕРГЕ МIНДЕТТI КЕПIЛДIК БЕРУДI ЖҮЗЕГЕ
АСЫРАТЫН ҰЙЫМНЫҢ КЕПIЛДIК БЕРIЛГЕН ӨТЕМДI ТӨЛЕУГЕ АРНАЛҒАН
АРНАЙЫ РЕЗЕРВI


Статья 1 ...19 20 21 22 23 ...25 

Перейти к статье






Добавить комментарий к 21-бап Қазақстан Республикасының екiншi деңгейдегi банктерiнде орналастырылған депозиттерге мiндеттi кепiлд 2006 жылғы 7 шілдедегі N 169