Ваш гид в законодательстве Казахстана

Каз Рус

Геодезия және картография туралы
9-бап. Геодезиялық және картографиялық қызметтi метрологиялық қамтамасыз ету



Ст. 9 Геодезия және картография туралы 2002 жылғы 3 шілдедегі N 332



 РҚАО-ның ескертпесі!

1-тармақтың бірінші абзацы жаңа редакцияда көзделген - ҚР 29.10.2015 № 376-V Заңымен (01.01.2016 бастап қолданысқа енгізіледі).

1. Қазақстан Республикасының стандарттау, метрология және сертификаттау саласындағы заңдарына сәйкес уәкiлеттi органның өз құзыретi шегiнде: 

1) Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес геодезиялық өлшеу құралдарының бiрлiгi мен дәлдiгiн қамтамасыз ету жөнiндегi қызметтi жүзеге асыруға; 

2) алып тасталды - ҚР 2012.07.10 № 36-V (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңымен; 

3) геодезиялық және картографиялық жабдықтарға, аспаптар мен саймандарға метрологиялық бақылау және қадағалау жүргiзуге құқығы бар. 

 РҚАО-ның ескертпесі!

2-тармақ жаңа редакцияда көзделген - ҚР 29.10.2015 № 376-V Заңымен (01.01.2016 бастап қолданысқа енгізіледі).

2. Топографиялық-геодезиялық және картографиялық мақсаттағы аспаптар мен жабдықтарға шет мемлекет берген сертификат, оны Қазақстан Республикасының сертификаттау туралы заңдарына сәйкес мемлекеттiк сертификаттау жүйесi таныған жағдайда Қазақстан Республикасында жарамды деп есептеледi.

 Ескерту. 9-бапқа өзгеріс енгізілді - ҚР 2012.07.10 № 36-V (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңымен.

Статья 1 ...7-1 8 9 10 11 ...18 

Перейти к статье
Скачать бесплатно Геодезия және картография туралы 2002 жылғы 3 шілдедегі N 332 

Задать вопрос на юридическом форуме



Добавить комментарий к 9-бап Геодезия және картография туралы 2002 жылғы 3 шілдедегі N 332