Ваш гид в законодательстве Казахстана

Каз Рус
< Экономиканың стратегиялық маңызы бар салаларындағы меншiктiң мемлекеттiк мониторингi туралы

Экономиканың стратегиялық маңызы бар салаларындағы меншiктiң мемлекеттiк мониторингi туралы
16-бап. Тәуелсіз сарапшылар мен консультанттардың құқықтары мен міндеттері



Ст. 16 Экономиканың стратегиялық маңызы бар салаларындағы меншiктiң мемлекеттiк мониторингi туралы 2003 жылғы 4 қарашадағы N 490



1. Меншіктің мемлекеттік мониторингін жүргізу жөніндегі жекелеген жұмыс түрлерін орындау үшін тартылатын тәуелсіз сарапшылар мен консультанттар зерттеу, консультациялар беру, құқықтық, қаржы-экономикалық, әлеуметтік-экономикалық, экологиялық, өндірістік-техникалық және технологиялық талдау саласында қорытындылар мен ұсынымдар әзірлеу жөніндегі кәсіби қызметті жүзеге асыратын, тиісті білімі мен тәжірибесі бар жеке және заңды тұлғалар болып табылады.  

2. Меншіктің мемлекеттік мониторингін жүргізу кезінде тәуелсіз сарапшылар мен консультанттар:  

1) мониторинг объектісі туралы қажетті ақпарат алуға;  

2) мониторинг жоспары мен бағдарламасына сәйкес мониторинг объектісін тікелей зерттеуге;  

3) меншіктің мемлекеттік мониторингін жүзеге асыру үшін қажетті құжаттамаға қол жеткізуге құқығы бар.  

3. Меншіктің мемлекеттік мониторингін жүргізу кезінде тәуелсіз сарапшылар мен консультанттар:  

1) Қазақстан Республикасының меншіктің мемлекеттік мониторингі туралы заңдарының талаптарын сақтауға;  

2) кешенді, объективті және сапалы талдау жүргізуге, дәлелді есеп пен қорытынды әзірлеуге;  

3) меншіктің мемлекеттік мониторингін жүзеге асырған кезде мәлім болған, заңмен қорғалатын құпияны құрайтын мәліметтерді жария етпеуге;  

4) өздеріне берілген құжаттар мен материалдардың сақталуын қамтамасыз етуге міндетті.  

4. Шарт талаптарында тәуелсіз сарапшылар мен консультанттардың өзге де құқықтары мен міндеттері көзделуі мүмкін.

Статья 1 ...14 15 16 17 18 ...22 

Перейти к статье






Добавить комментарий к 16-бап Экономиканың стратегиялық маңызы бар салаларындағы меншiктiң мемлекеттiк мониторингi туралы 2003 жылғы 4 қарашадағы N 490