Ваш гид в законодательстве Казахстана

Каз Рус

Печать

Мемлекеттік-жекешелік әріптестік туралы
10-бап. Мемлекеттік-жекешелік әріптестік жобасын іске асыру

Ст. 10 Мемлекеттік-жекешелік әріптестік туралы 2015 жылғы 31 қазандағы № 379-V ҚРЗ


Действующий с изменениями и дополнениями. Проверено 20.04.2018
1. Мемлекеттік-жекешелік әріптестік жобасын іске асыру мынадай реттіліктегі сатыларды қамтиды: 

1) мемлекеттік әріптестің инвестициялық ұсынысты не жекеше әріптесті айқындау жөніндегі тікелей келіссөздер кезінде жекеше әріптестің мемлекеттік-жекешелік әріптестік жобасына бизнес-жоспарды әзірлеуі; 

2) осы Заңның 31-бабына сәйкес жекеше әріптесті айқындау; 

3) мемлекеттік-жекешелік әріптестік шартын жасасу; 

4) тараптардың мемлекеттік-жекешелік әріптестік шартының талаптарын орындауы. 

1-1. Ақпараттандырудың сервистік моделі жөніндегі мемлекеттік-жекешелік әріптестік жобасын іске асыру Қазақстан Республикасының ақпараттандыру туралы заңнамасына сәйкес жүзеге асырылады. 

2. Мемлекеттік-жекешелік әріптестік жобасы мемлекеттік-жекешелік әріптестік шартының тараптары өздеріне алған барлық міндеттемелерді орындағаннан кейін аяқталды деп есептеледі. 

Ескерту. 10-бапқа өзгерістер енгізілді - ҚР 30.11.2017 № 112-VI (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 28.12.2017 № 128-VI (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңдарымен.
Статья 1 ...8 9 10 11 12 ...59

Перейти к статье






Добавить комментарий к 10-бап Мемлекеттік-жекешелік әріптестік туралы 2015 жылғы 31 қазандағы № 379-V ҚРЗ