Ваш гид в законодательстве Казахстана

Каз Рус

Мемлекеттік-жекешелік әріптестік туралы
33-бап. Жекеше әріптесті айқындау жөніндегі конкурсқа не тікелей келіссөздерге қатысуға байланысты шектеулер



Ст. 33 Мемлекеттік-жекешелік әріптестік туралы 2015 жылғы 31 қазандағы № 379-V ҚРЗ



1. Әлеуетті жекеше әріптес, егер:

1) осы әлеуетті жекеше әріптес басшыларының және (немесе) осы әлеуетті жекеше әріптестің уәкілетті өкілінің жақын туыстарының, жұбайының (зайыбының) немесе жекжаттарының жекеше әріптесті айқындау туралы шешім қабылдау құқығы болса не конкурсты не тікелей келіссөздерді ұйымдастырушының өкілі болып табылса;

2) әлеуетті жекеше әріптестің баланстық құны тиісті негізгі қаражат құнының он пайызынан асатын мүлкіне тыйым салынса;

3) әлеуетті жекеше әріптестің атқарушылық құжаттар бойынша орындалмаған міндеттемелері болса және атқарушылық құжаттардың орындалуын қамтамасыз ету саласындағы уәкілетті орган Борышкерлердің бірыңғай тізіліміне енгізсе;

4) әлеуетті жекеше әріптестің қаржылық-шаруашылық қызметі Қазақстан Республикасының заңнамасына не әлеуетті жекеше әріптес-Қазақстан Республикасының бейрезиденті мемлекетінің заңнамасына сәйкес тоқтатыла тұрса, жекеше әріптесті айқындау жөніндегі конкурсқа не тікелей келіссөздерге қатысуға құқылы емес.

2. Әлеуетті жекеше әріптес пен әлеуетті жекеше әріптестің үлестес тұлғасының жекеше әріптесті айқындау жөніндегі бір конкурсқа қатысуға құқығы жоқ.

Статья 1 ...31 32 33 34 35 ...59 

Перейти к статье
Скачать бесплатно Мемлекеттік-жекешелік әріптестік туралы 2015 жылғы 31 қазандағы № 379-V ҚРЗ 

Задать вопрос на юридическом форуме



Добавить комментарий к 33-бап Мемлекеттік-жекешелік әріптестік туралы 2015 жылғы 31 қазандағы № 379-V ҚРЗ