Ваш гид в законодательстве Казахстана

Каз Рус
< Мемлекеттік-жекешелік әріптестік туралы

Мемлекеттік-жекешелік әріптестік туралы
49-бап. Мемлекеттік-жекешелік әріптестік шартын бұзу негіздері



Ст. 49 Мемлекеттік-жекешелік әріптестік туралы 2015 жылғы 31 қазандағы № 379-V ҚРЗ



1. Мемлекеттік-жекешелік әріптестік шарты мемлекеттік-жекешелік әріптестік шарты тараптарының келісуі бойынша өзгертілуі және бұзылуы мүмкін.

2. Мемлекеттік әріптестің талап етуі бойынша мемлекеттік-жекешелік әріптестік шарты:

1) жекеше әріптес мемлекеттік-жекешелік әріптестік шартын елеулі бұзған кезде;

2) егер жекеше әріптес өзінің дәрменсіздігіне (банкроттығына) байланысты мемлекеттік-жекешелік әріптестік жобасын жүзеге асыруға қабілетсіз болғанда;

3) қоғам мен мемлекет мүддесінде, оның ішінде мұндай әрекеттер ұлттық қауіпсіздікті, халық денсаулығын және оның имандылығын қамтамасыз ету мақсатында жасалғанда ғана сот шешімімен бұзылуы мүмкін.

3. Жекеше әріптестің талап етуі бойынша мемлекеттік-жекешелік әріптестік шарты мемлекеттік әріптес және (немесе) мемлекеттік орган мемлекеттік-жекешелік әріптестік шартын елеулі бұзған кезде ғана сот шешімімен бұзылуы мүмкін.

Статья 1 ...47 48 49 50 51 ...59 

Перейти к статье






Добавить комментарий к 49-бап Мемлекеттік-жекешелік әріптестік туралы 2015 жылғы 31 қазандағы № 379-V ҚРЗ