Ваш гид в законодательстве Казахстана

Каз Рус

Қазақстан Республикасының Мемлекеттiк шекарасы туралы
44-бап. Аумақтық сулар (теңіз) және ішкі сулар режимі



Ст. 44 Қазақстан Республикасының Мемлекеттiк шекарасы туралы 2013 жылғы 16 қаңтардағы № 70-V



1. Аумақтық сулар (теңіз) және ішкі сулар шегінде аумақтық сулар (теңіз) және ішкі сулар режимі қолданылады, ол:

аумақтық суларда (теңізде) және ішкі суларда қазақстандық шағын көлемдi өздiгiнен жүзетiн және өздiгiнен жүзбейтiн (суүсті және суасты) кемелердi (құралдарды) және мұз үстімен жылжитын құралдарды есепке алу, күтіп-ұстау, олардың орналасу пункттерінен шығу және орналасу пункттеріне қайтып оралу, суда болу;

қазақстандық кемелердің, шетелдік кемелер мен әскери корабльдердің, мұз үстімен жылжитын құралдардың аумақтық суларда (теңізде) және ішкі суларда жүзу (пайдаланылу);

аумақтық суларда (теңізде) және ішкі суларда кәсіпшілік, зерттеу, іздестіру немесе өзге де қызметті, оның ішінде континенттік қайраңның табиғи минералды және жанды ресурстарын сақтауға бағытталған қызметті жүргізу тәртібін белгілейді.

2. Аумақтық сулар (теңіз) және ішкі сулар режимі осы Заңда және Қазақстан Республикасы ратификациялаған халықаралық шарттарда белгіленеді.

3. Аумақтық сулар (теңіз) және ішкі сулар режимінің негізгі мақсаты Мемлекеттік шекараны қорғау үшін қажетті жағдайлар жасау болып табылады.

Статья 1 ...42 43 44 45 46 ...80 

Перейти к статье
Скачать бесплатно Қазақстан Республикасының Мемлекеттiк шекарасы туралы 2013 жылғы 16 қаңтардағы № 70-V 

Задать вопрос на юридическом форуме



Добавить комментарий к 44-бап Қазақстан Республикасының Мемлекеттiк шекарасы туралы 2013 жылғы 16 қаңтардағы № 70-V