Ваш гид в законодательстве Казахстана

Каз Рус
< Қазақстан Республикасының Мемлекеттiк шекарасы туралы

Қазақстан Республикасының Мемлекеттiк шекарасы туралы
46-бап. Шағын көлемді өздігінен жүзетін және өздігінен жүзбейтін (суүсті және суасты) кемелерді (құралдарды) және мұз үстімен жылжитын құралдарды күтіп-ұстау



Ст. 46 Қазақстан Республикасының Мемлекеттiк шекарасы туралы 2013 жылғы 16 қаңтардағы № 70-V



1. Қазақстандық шағын көлемді өздігінен жүзетін және өздігінен жүзбейтін (суүсті және суасты) кемелер (құралдар) және мұз үстімен жылжитын құралдар тиісті кемежайларда, айлақтарда және орналасу пункттерінде немесе оларды күтіп-ұстау орны бойынша тіркелімге алынуға және олардың тоқтап тұратын тұрақты орны болуға тиіс.

2. Қазақстан Республикасының Ұлттық қауіпсіздік комитеті қазақстандық шағын көлемді өздігінен жүзетін және өздігінен жүзбейтін (суүсті және суасты) кемелердің (құралдардың) және мұз үстімен жылжитын құралдардың жекелеген типтеріне қатысты күтіп-ұстаудың өзге де тәртібін белгілейді, бұл туралы иесінің тіркеу құжаттарында арнайы мөртабан басылады.

3. Қазақстандық шағын көлемді өздігінен жүзетін және өздігінен жүзбейтін (суүсті және суасты) кемелерді (құралдарды) және мұз үстімен жылжитын құралдарды танып айыру үшін олардың иесі тұмсық бөлігінің және артқы жағының борттарына берілген тіркеу нөмірлері мен жазуларды жазады. Нөмірді әуеден танып айыру үшін бөлменің жоғарғы бөлігінде, ал ол болмаған кезде – тұмсық бөлігінде арнайы жабдықталған алаңшада жазылуға тиіс.

Көрсетілген талап олардың штаттағы және штаттан тыс құтқару құралдарына (шлюпкаларға, дөңгелектерге, белдіктерге) қолданылады.

Статья 1 ...44 45 46 47 48 ...80 

Перейти к статье






Добавить комментарий к 46-бап Қазақстан Республикасының Мемлекеттiк шекарасы туралы 2013 жылғы 16 қаңтардағы № 70-V