Ваш гид в законодательстве Казахстана

Каз Рус
< Қазақстан Республикасының Мемлекеттiк шекарасы туралы

Қазақстан Республикасының Мемлекеттiк шекарасы туралы
45-бап. Шағын көлемді өздігінен жүзетін және өздігінен жүзбейтін (суүсті және суасты) кемелерді (құралдарды) және мұз үстімен жылжитын құралдарды есепке алу



Ст. 45 Қазақстан Республикасының Мемлекеттiк шекарасы туралы 2013 жылғы 16 қаңтардағы № 70-V



1. Аумақтық суларда (теңізде) және ішкі суларда пайдаланылатын қазақстандық шағын көлемді өздігінен жүзетін және өздігінен жүзбейтін (суүсті және суасты) кемелерді (құралдарды) және мұз үстімен жылжитын құралдарды Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитетінің Шекара қызметі есепке алуға тиіс.

2. Кемелерді және мұз үстімен жылжитын құралдарды есепке алу Қазақстан Республикасының Қарулы Күштері Әскери-теңіз Күштерінің және Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитеті Шекара қызметінің әскери корабльдеріне және өзге де кемелеріне, аумақтық суларда (теңізде) және ішкі суларда міндеттерді өз құзыреті шегінде орындайтын уәкілетті органдарға тиесілі, сондай-ақ халықаралық тасымалдауларды орындаған кезде тиісті теңіз немесе өзен порттарында тіркелімге алынған және Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен мемлекеттік тіркеуден өткен ұйымдарға тиесілі қазақстандық шағын көлемді кемелерге және мұз үстімен жылжитын құралдарға қолданылмайды.

3. Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитетінің Шекара қызметі күзететін Каспий теңізінің жағалауы маңына, шекаралық өзендердің, көлдердің және өзге де су айдындарының жағасына азаматтар уақытша келетін қазақстандық шағын көлемді өздігінен жүзетін және өздігінен жүзбейтін (суүсті және суасты) кемелер (құралдар) және мұз үстімен жылжитын құралдар Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитетінің Шекара қызметінде уақытша есепке қойылуға тиіс.

Статья 1 ...43 44 45 46 47 ...80 

Перейти к статье






Добавить комментарий к 45-бап Қазақстан Республикасының Мемлекеттiк шекарасы туралы 2013 жылғы 16 қаңтардағы № 70-V