Ваш гид в законодательстве Казахстана

Каз Рус
< Қазақстан Республикасының Мемлекеттiк шекарасы туралы

Қазақстан Республикасының Мемлекеттiк шекарасы туралы
47-бап. Шағын көлемді өздігінен жүзетін және өздігінен жүзбейтін (суүсті және суасты) кемелердің (құралдардың) және мұз үстімен жылжитын құралдардың кемежайлары, айлақтары және орналасу пункттері



Ст. 47 Қазақстан Республикасының Мемлекеттiк шекарасы туралы 2013 жылғы 16 қаңтардағы № 70-V



1. Каспий теңізінің жағалауы маңындағы, шекаралық өзендердің, көлдердің және өзге де су айдындарының жағаларындағы қазақстандық шағын көлемді өздігінен жүзетін және өздігінен жүзбейтін (суүсті және суасты) кемелерге (құралдарға) және мұз үстімен жылжитын құралдарға арналған кемежайларды, айлақтарды және орналасу пункттерін тиісті жергілікті атқарушы органдардың Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитетінің Шекара қызметімен келісілген рұқсаттары негізінде ұйымдар жабдықтайды.

2. Кемежайлардың, айлақтардың және орналасу пункттерінің:

1) аумаққа бөгде адамдардың кіру мүмкіндігін болғызбайтын қоршалымы;

2) суда және жағада тұратын шағын көлемді өздігінен жүзетін және өздігінен жүзбейтін (суүсті және суасты) кемелер (құралдар) және мұз үстімен жылжитын құралдар үшін бекіткіштері, сондай-ақ оларды сақтауға арналған орындары;

3) аспалы моторларды, желкендерді және ескектерді сақтайтын арнайы үй-жайлары;

4) күзетке арналған үй-жайлары;

5) Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитеті Шекара қызметінің тиісті бөлімшесімен байланыс құралдары болуға тиіс.

3. Ұйымдардың басшылары – кемежайлардың, айлақтардың және орналасуға арналған орындардың меншік иелері оларды тиісті түрде жабдықтаумен, күзетпен және Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитеті Шекара қызметінің тиісті бөлімшесімен байланыс құралымен қамтамасыз етуге міндетті.

Статья 1 ...45 46 47 48 49 ...80 

Перейти к статье






Добавить комментарий к 47-бап Қазақстан Республикасының Мемлекеттiк шекарасы туралы 2013 жылғы 16 қаңтардағы № 70-V