Ваш гид в законодательстве Казахстана

Каз Рус
< Мемлекеттік аудит және қаржылық бақылау туралы

Мемлекеттік аудит және қаржылық бақылау туралы
38-бап. Мүдделер қақтығысы



Ст. 38 Мемлекеттік аудит және қаржылық бақылау туралы 2015 жылғы 12 қарашадағы № 392-V ҚРЗ



1. Объективтілік пен тәуелсіздікті қамтамасыз ету мақсатында:

1) мемлекеттік аудит объектісі басшысының, жауапты хатшысының, бас бухгалтердің немесе олардың өкілеттігін жүзеге асыратын өзге де адамның, құрылтайшысының, қатысушысының немесе акционерінің жақын туыстары, жекжаттары немесе сенім білдірілген адамдары болып табылатын;

2) мемлекеттік аудит объектісінде жұмыс істеген не тексерілетін кезеңде басшының, жауапты хатшының, бас бухгалтердің немесе олардың өкілеттігін жүзеге асыратын өзге де адамның, мемлекеттік аудит объектісі құрылтайшысының, қатысушысының немесе акционерінің жақын туыстары, жекжаттары немесе сенім білдірілген адамдары болып табылатын;

3) мемлекеттік аудит объектісінің құрылтайшылары, қатысушылары немесе акционерлері, лауазымды адамдары арасынан шыққан, онда жеке мүліктік мүдделері бар мемлекеттік аудиторлардың мемлекеттік аудит және қаржылық бақылау жүргізуіне тыйым салынады.

2. Мүдделер қақтығысы туындаған кезде мемлекеттік аудиторлар бұл жөнінде мемлекеттік аудитті тағайындаған басшыға жазбаша хабарлауға тиіс.

3. Осы баптың 1 және 2-тармақтарында көрсетілген жағдайларда мемлекеттік аудит және қаржылық бақылау органының басшысы мүдделер қақтығысын жою жөнінде шаралар қолданады.

Статья 1 ...36 37 38 39 40 ...62 

Перейти к статье






Добавить комментарий к 38-бап Мемлекеттік аудит және қаржылық бақылау туралы 2015 жылғы 12 қарашадағы № 392-V ҚРЗ