Ваш гид в законодательстве Казахстана

Каз Рус

Мемлекеттік аудит және қаржылық бақылау туралы
39-бап. Мемлекеттік аудитор біліктілігін иеленуге үміткер адамдарды сертификаттау, мемлекеттік аудит және қаржылық бақылау органдарының қызметкерлерін қайта даярлау және олардың біліктілігін арттыру



Ст. 39 Мемлекеттік аудит және қаржылық бақылау туралы 2015 жылғы 12 қарашадағы № 392-V ҚРЗ



1. Мемлекеттік аудитор біліктілігін иеленуге үміткер адамдардың кәсіби, іскерлік қасиеттері мен ықтимал мүмкіндіктерінің жан-жақты және объективті сипаттамасын алу мақсатында оларды сертификаттау жүргізіледі.

2. Сертификаттауды Мемлекеттік аудитор біліктілігін беруге үміткер адамдарды сертификаттау жөніндегі ұлттық комиссия (бұдан әрі – Ұлттық комиссия) жүргізеді, оның құрамына Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігінің, Қазақстан Республикасы Үкіметінің, Есеп комитетінің, ішкі мемлекеттік аудит жөніндегі уәкілетті органның өкілдері, Қазақстан Республикасы Парламентінің депутаттары (келісу бойынша) кіреді.

Есеп комитеті Ұлттық комиссияның жұмыс органы болып табылады, ол берілген ұсыныстар негізінде саны кемінде жеті адам болатын комиссияның дербес құрамын бекітеді.

3. Мемлекеттік аудитор біліктілігін иеленуге үміткер адамдарды сертификаттау олардың білімін растауды және мемлекеттік аудитор біліктілігін иеленуге үміткер адамдарды сертификаттау қағидаларында айқындалатын тәртіппен әңгімелесуді қамтиды.

4. Орналасу үшін мемлекеттік аудитор біліктілігін куәландыратын сертификаттың болуы қажет лауазымдар тізбесін тиісті мемлекеттік аудит және қаржылық бақылау органдары бекітеді.

5. Сертификаттау деңгейлік жүйе бойынша жүргізіледі. Мемлекеттік аудитор біліктілігін иеленуге үміткер адамдарды сертификаттау қағидаларын, Ұлттық комиссия туралы ережені ішкі мемлекеттік аудит жөніндегі уәкілетті органмен келісу бойынша Есеп комитеті бекітеді.

6. Ұлттық комиссияның жұмыс органы Есеп комитеті айқындайтын тәртіппен мемлекеттік аудитор сертификаты бар адамдардың тізілімін жүргізеді.

7. Мемлекеттік аудит және қаржылық бақылау органдарының қызметкерлерін қайта даярлау және олардың біліктілігін арттыру Есеп комитеті ішкі мемлекеттік аудит жөніндегі уәкілетті органмен бірлесіп әзірлейтін және бекітетін Мемлекеттік аудит және қаржылық бақылау органдарының қызметкерлерін қайта даярлау және олардың біліктілігін арттыру қағидаларына сәйкес жүзеге асырылады. 
6-тарау. ЕСЕП КОМИТЕТІНІҢ ҚЫЗМЕТІН ҰЙЫМДАСТЫРУ

Статья 1 ...37 38 39 40 41 ...62 

Перейти к статье
Скачать бесплатно Мемлекеттік аудит және қаржылық бақылау туралы 2015 жылғы 12 қарашадағы № 392-V ҚРЗ 

Задать вопрос на юридическом форуме



Добавить комментарий к 39-бап Мемлекеттік аудит және қаржылық бақылау туралы 2015 жылғы 12 қарашадағы № 392-V ҚРЗ