Ваш гид в законодательстве Казахстана

Каз Рус
< Мемлекеттік аудит және қаржылық бақылау туралы

Мемлекеттік аудит және қаржылық бақылау туралы
50-бап. Тексеру комиссиясы және оның лауазымды адамдары тәуелсіздігінің кепілдіктері



Ст. 50 Мемлекеттік аудит және қаржылық бақылау туралы 2015 жылғы 12 қарашадағы № 392-V ҚРЗ



1. Тексеру комиссиясының мемлекеттік аудиторлары өз қызметін жүзеге асыру кезінде мемлекеттік аудит объектісінен тәуелсіз болады.

2. Тексеру комиссиясының қызметіне мемлекеттік органдардың және өзге де ұйымдардың құқыққа сыйымсыз араласуына жол берілмейді.

3. Мемлекеттік органдардың сұрау салулары бойынша тексеру комиссиясының мемлекеттік аудиторларын және өзге де лауазымды адамдарын мемлекеттік аудит объектілерінің тиісті жылға арналған тізбесінде көзделмеген тексерулерді жүргізу үшін тартуға жол берілмейді.

4. Тексеру комиссиясының жергілікті бюджет қаражатын пайдалануын мемлекеттік бақылау және қадағалау мәслихаттың келісімімен немесе оның тапсырмасы бойынша жүзеге асырылады. 
9-тарау. ТЕКСЕРУ КОМИССИЯСЫНЫҢ МЕМЛЕКЕТТІК ОРГАНДАРМЕН ӨЗАРА ІС-ҚИМЫЛ ЖАСАСУ НЕГІЗДЕРІ

Статья 1 ...48 49 50 51 52 ...62 

Перейти к статье






Добавить комментарий к 50-бап Мемлекеттік аудит және қаржылық бақылау туралы 2015 жылғы 12 қарашадағы № 392-V ҚРЗ