Ваш гид в законодательстве Казахстана

Каз Рус

Мемлекеттiк кәсiпорын туралы
12-бап. Мүлiктiк кешен ретiндегi мемлекеттiк кәсiпорын



Ст. 12 Мемлекеттiк кәсiпорын туралы



1. Мемлекеттiк кәсiпорын тұтас алғанда мүлiк кешенi ретiнде жылжымайтын мүлiк болып танылады және мемлекеттiк меншiк құқығының объектiсi болып табылады. 2. Мүлiктiк меншiк ретiнде кәсiпорынның құрамына оның қызмет етуiне арналған мүлiктiң барлық түрлерi, оның iшiнде үйлер, ғимараттар, жабдықтар, құрал-саймандар, шикiзат, өнiмдер, жер учаскесiне құқығы, талап ету құқықтары, борыштар, сондай-ақ оның қызметiн дараландыратын белгiлерге құқықтар (фирмалық атауы, тауар белгiлерi) және басқа да айрықша құқықтар енедi. 3. Республикалық мемлекеттiк кәсiпорын жөнiнде ол бiртұтас мүлiктiк кешен ретiнде болғанда мәмiлелер (кепiлге беру, жалдау және басқалары) жасауы - Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң шешiмi бойынша, ал коммуналдық кәсiпорын жөнiнде - жергiлiктi атқарушы органның шешiмi бойынша жүзеге асырылады.

Ескерту. 12-бапқа өзгерту енгiзiлдi - ҚР 2002.05.21 N 323 Заңымен.  

Статья 1 ...10 11 12 13 14 ...51 

Перейти к статье
Скачать бесплатно Мемлекеттiк кәсiпорын туралы 

Задать вопрос на юридическом форуме



Добавить комментарий к 12-бап Мемлекеттiк кәсiпорын туралы