Ваш гид в законодательстве Казахстана

Каз Рус

Мемлекеттiк кәсiпорын туралы
4-бап. Мемлекеттiк кәсiпорынды құру



Ст. 4 Мемлекеттiк кәсiпорын туралы




1. Республикалық мемлекеттiк кәсiпорын Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң немесе Ұлттық Банктiң шешiмi бойынша, коммуналдық мемлекеттiк кәсiпорын - Қазақстан Республикасы Үкiмет белгiлеген тәртiппен жергiлiктi атқарушы органның шешiмi бойынша құрылады. 2. Мемлекеттiк кәсiпорынның құрылтайшысы уәкiлдi орган болады. 3. Шаруашылық жүргiзу құқығындағы кәсiпорынды құруға, егер ол өзiнiң мiндет-мақсаты бойынша осы Заңның 18-бабында айтылған талаптарға сай келген жағдайда жол берiледi.

Қазыналық кәсiпорынды құруға, егер ол өзiнiң мiндет-мақсаты бойынша осы Заңның 32-бабында айтылған талаптарға сай келген жағдайда жол берiледi.   4. Қызметiн Қазақстан Республикасының аумағында жүзеге асыратын мемлекеттiк кәсiпорындарды Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес құру монополияға қарсы органның алдын ала келiсiмiмен жүзеге асырылады.

Ескерту. 4-бапқа өзгерту енгiзiлдi - ҚР 1997.07.11 N 154, 2002.05.21 N 323, 2008.12.25 N 113-IV (2009 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгiзiледi) Заңдарымен.


Статья 1 2 3 4 5 6 ...51 

Перейти к статье
Скачать бесплатно Мемлекеттiк кәсiпорын туралы 

Задать вопрос на юридическом форуме



Добавить комментарий к 4-бап Мемлекеттiк кәсiпорын туралы