Ваш гид в законодательстве Казахстана

Каз Рус

Ерлер мен әйелдердiң тең құқықтарының және тең мүмкiндiктерiнiң мемлекеттiк кепiлдiктерi туралы
3-бап. Ерлер мен әйелдердің тең құқықтарын және тең мүмкіндіктерін қамтамасыз ету жөніндегі мемлекеттік саясаттың негізгі міндеттері



Ст. 3 Ерлер мен әйелдердiң тең құқықтарының және тең мүмкiндiктерiнiң мемлекеттiк кепiлдiктерi туралы 2009 жылғы 8 желтоқсандағы N 223-IV



Ерлер мен әйелдердің тең құқықтарын және тең мүмкіндіктерін қамтамасыз ету жөніндегі мемлекеттік саясаттың негізгі міндеттері:

1) мемлекет пен қоғам өмірінің барлық салаларында ерлер мен әйелдердің тең құқықтарын және тең мүмкіндіктерін қамтамасыз ету;

2) Қазақстан Республикасының заңнамасын жетілдіру және дамыту;

3) алып тасталды - ҚР 03.07.2013 № 124-V Заңымен (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі);

4) ел халқы арасында ерлер мен әйелдердің тең құқылық мәдениетін тәрбиелеу және насихаттау, жыныстық белгісі бойынша кемсітушілікке жол бермеу;

5) халықаралық құқықтың жалпыға бірдей танылған принциптері мен нормаларын және халықаралық міндеттемелерді орындау;

6) саясатты, әлеуметтік-еңбек және отбасы қатынастарын қоса алғанда, тыныс-тіршіліктің барлық салаларында жыныстық теңдікті қамтамасыз ету үшін қоғамның құқықтық және саяси мәдениеті деңгейін көтеру болып табылады.

 Ескерту. 3-бапқа өзгеріс енгізілді - ҚР 03.07.2013 № 124-V Заңымен (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).

Статья 1 2 3 4 5 ...15 

Перейти к статье
Скачать бесплатно Ерлер мен әйелдердiң тең құқықтарының және тең мүмкiндiктерiнiң мемлекеттiк кепiлдiктерi туралы 2009 жылғы 8 желтоқсандағы N 223-IV 

Задать вопрос на юридическом форуме



Добавить комментарий к 3-бап Ерлер мен әйелдердiң тең құқықтарының және тең мүмкiндiктерiнiң мемлекеттiк кепiлдiктерi туралы 2009 жылғы 8 желтоқсандағы N 223-IV