Ваш гид в законодательстве Казахстана

Каз Рус
< Азаматтық қорғаныс туралы

Азаматтық қорғаныс туралы
12-бап. Азаматтық қорғаныс күштерiнiң құрамы



Ст. 12 Азаматтық қорғаныс туралы



Азаматтық қорғаныс күштерi Азаматтық қорғаныстың әскер бөлiмдерiнен, аумақтық, объектiлiк құрамалар мен Азаматтық қорғаныс пен төтенше жағдайлар қызметтерiнiң құрамаларынан, мемлекеттiк өртке қарсы қызмет бөлiмшелерiнiң жедел-құтқару отрядтарынан тұрады. Азаматтық қорғаныс күштерi бейбiт уақытта төтенше жағдайлардың алдын алу және жою жөнiндегi Мемлекеттiк жүйенiң құрамдас бөлiгi болып табылады, ол туралы Ереженi Қазақстан Республикасының Үкiметi бекiтедi. Құтқару жұмыстарын жүргiзу кезеңiне Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң шешiмi бойынша Қорғаныс министрлiгiнiң, Iшкi iстер министрлiгiнiң бөлiмдерi мен бөлiмшелерi, ведомстволық мамандандырылған авариялық-құтқару, авариялық-қалпына келтiру, әскерилендiрiлген және басқа да құрамалар бөлiнуi мүмкiн, олар жұмыстарды орындауды құтқару жұмыстарының жалпы басшысының жедел басшылығымен жүзеге асырады. Бөлiнген күштер оқып-жаттықтырылған, техникамен, жабдықтармен жарақтандырылған және iздестiру-құтқару жұмыстарын дербес жүргiзуге сақадай-сай болуға тиiс. Азаматтық қорғаныс күштерiн пайдалану тиiстi деңгейлердегi Азаматтық қорғаныс бастықтарының шешiмi бойынша жүзеге асырылады.

Ескерту. 12-бапқа өзгерту енгiзiлдi - Қазақстан Республикасының 1998.12.09 № 307, 2004.12.20 № 13 (2005 жылғы 1 қаңтардан бастап күшiне енедi) Заңдарымен.

Статья 1 ...10 11 12 13 14 ...32 

Перейти к статье






Добавить комментарий к 12-бап Азаматтық қорғаныс туралы