Ваш гид в законодательстве Казахстана

Каз Рус
< Азаматтық қорғау туралы

Азаматтық қорғау туралы
29-бап. Авариялық-құтқару қызметтері мен құралымдарының, сондай-ақ мемлекеттік емес өртке қарсы қызметтердің қызметін үйлестiру



Ст. 29 Азаматтық қорғау туралы 2014 жылғы 11 сәуірдегі № 188-V ҚРЗ



1. Авариялық-құтқару қызметтері мен құралымдарының, сондай-ақ мемлекеттік емес өртке қарсы қызметтердің қызметін үйлестiрудi уәкілетті орган жүзеге асырады.

2. Қазақстан Республикасының аумағында авариялық-құтқару қызметтері мен құралымдарының, сондай-ақ мемлекеттік емес өртке қарсы қызметтердің қызметін үйлестiру:

1) төтенше жағдайларды жою үшiн қажеттi күштер мен құралдарды жедел тарту;

2) авариялық-құтқару қызметтері, құралымдары және мемлекеттік емес өртке қарсы қызметтердің бөлімшелері арасындағы өзара іс-қимылды пысықтау мақсатында жүзеге асырылады.

Статья 1 ...27 28 29 30 31 ...109 

Перейти к статье






Добавить комментарий к 29-бап Азаматтық қорғау туралы 2014 жылғы 11 сәуірдегі № 188-V ҚРЗ