Ваш гид в законодательстве Казахстана

Каз Рус
< Азаматтық қорғау туралы

Азаматтық қорғау туралы
38-бап. Өрт қауіпсіздігі саласындағы мемлекеттік бақылау



Ст. 38 Азаматтық қорғау туралы 2014 жылғы 11 сәуірдегі № 188-V ҚРЗ



1. Өрт қауіпсіздігі саласындағы мемлекеттік бақылау жеке, заңды тұлғалардың өрт қауіпсіздігі талаптарын сақтауын қамтамасыз етуге бағытталған және осы баптың 2-тармағына сәйкес жүзеге асырылатын бақылауды қоспағанда, оны мемлекеттік өртке қарсы қызмет органдары жүзеге асырады.

2. Мемлекеттік орман қоры аумағында өрт қауіпсіздігі саласындағы мемлекеттік бақылауды – орман шаруашылығы саласындағы уәкілетті орган, әуе, ішкі су және теміржол көлігінде - көлік саласындағы уәкілетті орган жүзеге асырады.

Шахталар мен кеніштердің, ашық көмір разрездерінің жерасты құрылыстарындағы өрт қауіпсіздігінің жай-күйі өнеркәсіптік қауіпсіздік саласындағы қадағалау процесінде бақыланады.

3. Өрт қауіпсіздігі саласындағы мемлекеттік бақылауды жүзеге асыратын лауазымды адамдарға:

1) Қазақстан Республикасының өрт қауіпсіздігі саласындағы мемлекеттiк бақылау жөнiндегi бас мемлекеттiк инспекторы – уәкілетті органның құрылымдық бөлімшесінің басшысы;

2) Қазақстан Республикасының өрт қауіпсіздігі саласындағы мемлекеттiк бақылау жөнiндегi бас мемлекеттiк инспекторының орынбасары – уәкілетті органның құрылымдық бөлімшесі басшысының орынбасары;

3) Қазақстан Республикасының өрт қауіпсіздігі саласындағы мемлекеттiк бақылау жөнiндегi мемлекеттiк инспекторы – уәкілетті органның құрылымдық бөлімшесінің лауазымды адамы;

4) облыстың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың өрт қауіпсіздігі саласындағы мемлекеттік бақылау жөніндегі бас мемлекеттік инспекторы – уәкілетті орган ведомствосының облыстағы, республикалық маңызы бар қаладағы, астанадағы аумақтық бөлімшесінің басшысы;

5) облыстың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың өрт қауіпсіздігі саласындағы мемлекеттік бақылау жөніндегі бас мемлекеттік инспекторының орынбасары – уәкілетті орган ведомствосының облыстағы, республикалық маңызы бар қаладағы, астанадағы аумақтық бөлімшесі басшысының орынбасары;

6) облыстың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың, ауданның, облыстық маңызы бар қаланың, қала ауданының өрт қауіпсіздігі саласындағы мемлекеттік бақылау жөніндегі мемлекеттік инспекторы – уәкілетті орган ведомствосының облыстағы, республикалық маңызы бар қаладағы, астанадағы, аудандағы, облыстық маңызы бар қаладағы, қала ауданындағы аумақтық бөлімшесінің лауазымды адамы жатады.

4. Мемлекеттік өртке қарсы қызмет органдары өрт қауіпсіздігі талаптарының сақталуы тұрғысынан тексеру нәтижелерінде бұзушылықтарды анықтаған жағдайда, тексерілетін субъектіге бұзушылықтарды жою туралы нұсқама беріледі.

Бұзушылықтарды жою туралы нұсқама тексеру аяқталатын күні тексерілетін субъектіге тапсырылады.

Субъектiлер өрт қауiпсiздiгiнiң талаптарын бұза отырып жүзеге асыратын, сондай-ақ ұйымдарды, объектiнi, құрылысты, ғимаратты салу, реконструкциялау, кеңейту немесе техникалық қайта жарақтандыру кезiнде жобаларда көзделген өрт қауiпсiздiгiнiң талаптары орындалмаған кезде ұйымдардың, жекелеген өндiрiстердiң, өндiрiстiк учаскелердiң, агрегаттардың жұмысын iшiнара немесе толық тоқтата тұруды, ғимараттарды, құрылыстарды, электр желiлерiн, жылыту аспаптарын пайдалануға және өрт шығу қаупi бар жұмыстарды жүргiзуге тыйым салуды сот мемлекеттік өртке қарсы қызмет органдарының өтініші бойынша бұзушылықтарды жою туралы нұсқама орындалмаған жағдайда Қазақстан Республикасының Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексіне сәйкес жүргiзедi.

5. Тәуекел дәрежесі болмашы объектілер, «Қазақстан Республикасындағы мемлекеттік бақылау және қадағалау туралы» Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес жоспардан тыс тексерулерді қоспағанда, өрт қауіпсіздігі талаптарын сақтау тұрғысынан тексерілмейді.

6. Тәуекел дәрежесі жоғары немесе орташа бақылау субъектісі сараптама ұйымының оң қорытындысын алған кезде, осы объект «Қазақстан Республикасындағы мемлекеттік бақылау және қадағалау туралы» Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес жоспардан тыс тексерулерді қоспағанда, қорытынды қолданылатын кезеңде тексерулерден босатылады.

Ескерту. 38-бапқа өзгеріс енгізілді - ҚР 29.09.2014 N 239-V (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейiн күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi); 29.12.2014 № 269-V (01.01.2015 бастап қолданысқа енгізіледі) Заңдарымен.

Статья 1 ...36 37 38 39 40 ...109 

Перейти к статье






Добавить комментарий к 38-бап Азаматтық қорғау туралы 2014 жылғы 11 сәуірдегі № 188-V ҚРЗ