Ваш гид в законодательстве Казахстана

Каз Рус

Азаматтық қорғау туралы
36-бап. Азаматтық қорғау саласындағы мемлекеттік бақылау және қадағалау



Ст. 36 Азаматтық қорғау туралы 2014 жылғы 11 сәуірдегі № 188-V ҚРЗ



1. Азаматтық қорғау саласындағы мемлекеттік бақылауды және қадағалауды азаматтық қорғау және өнеркәсіптік қауіпсіздік саласындағы уәкілетті орган Қазақстан Республикасының азаматтық қорғау саласындағы заңнамасын сақтау мақсатында жүзеге асырады.

2. Азаматтық қорғау саласындағы мемлекеттік бақылау және қадағалау:

1) азаматтық қорғаныс саласындағы мемлекеттік бақылауға;

2) өрт қауіпсіздігі саласындағы мемлекеттік бақылауға;

3) өнеркәсіптік қауіпсіздік саласындағы мемлекеттік қадағалауға бөлінеді.

3. Азаматтық қорғау саласындағы мемлекеттік бақылау және қадағалау тексеру нысанында және өзге де нысандарда жүзеге асырылады.

4. Тексеру түрлері мен оны жүргізу тәртібі Қазақстан Республикасының мемлекеттік бақылау және қадағалау туралы заңнамасына сәйкес айқындалады.

5. Мемлекеттік бақылаудың және қадағалаудың өзге де нысандары Қазақстан Республикасының мемлекеттік бақылау және қадағалау туралы заңнамасына және осы Заңға сәйкес жүзеге асырылады.

Ескерту. 36-бапқа өзгеріс енгізілді - ҚР 29.09.2014 N 239-V Заңымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейiн күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi).

Статья 1 ...34 35 36 37 38 ...109 

Перейти к статье
Скачать бесплатно Азаматтық қорғау туралы 2014 жылғы 11 сәуірдегі № 188-V ҚРЗ 

Задать вопрос на юридическом форуме



Добавить комментарий к 36-бап Азаматтық қорғау туралы 2014 жылғы 11 сәуірдегі № 188-V ҚРЗ