Ваш гид в законодательстве Казахстана

Каз Рус
< Бәсекелестiк туралы

Бәсекелестiк туралы
14-бап. Тауардың монополиялық жоғары және монополиялық төмен бағасы



Ст. 14 Бәсекелестiк туралы 2008 жылғы 25 желтоқсандағы N 112-IV



1. Үстем немесе монополиялық жағдайға ие нарық субъектісі белгілеген баға, егер:

1) осы баға нақ сол тауар нарығында бәсекелестік жағдайында үстем жағдайға ие нарық субъектісімен бір тұлғалар тобына кірмейтін нарық субъектісі белгілейтін ең жоғары бағадан асып кетсе немесе салыстырмалы тауар нарығында бәсекелестік жағдайында қалыптасқан бағадан асып кетсе;

2) осы баға осындай тауарды өндіру және өткізу үшін қажет шығыстар мен пайда сомасынан асып кетсе, тауардың монополиялық жоғары бағасы болып табылады.

2. Салыстырмалы тауар нарығы деп тауарды сатып алу немесе сату мақсаттарын негізге ала отырып айқындалатын сатылатын тауар көлемі, тауарды сатып алушылар немесе сатушылар (өнім берушілер) құрамы және тауар нарығына кіру талаптары бойынша салыстырылатын басқа тауар нарығы түсініледі.

Нақ сол тауар нарығындағы бағаны салыстыру мүмкін болмаған жағдайда, салыстырмалы тауар нарығындағы, оның ішінде Қазақстан Республикасының шегінен тыс жерлердегі салыстырмалы тауар нарығындағы тауар бағасымен салыстыру жүргізіледі.

Егер салыстырмалы тауар нарығында бәсекелестік жағдайында қалыптасқан бағаны не салыстырмалы тауар нарығын айқындау, оның ішінде Қазақстан Республикасының шегінен тыс жерлерде айқындау мүмкін болмаса, нарық субъектісінің шығыстарына және пайдасына талдау жүргізіліп, тауардың негізделген бағасы айқындалады.

3. Қазақстан Республикасының заңнамалық актілеріне сәйкес нарық субъектісіне белгіленген тауар бағасы монополиялық жоғары баға болып танылмайды.

4. Үстем немесе монополиялық жағдайға ие нарық субъектісі белгілеген баға, егер:

1) осы баға нақ сол тауар нарығында үстем жағдайға ие нарық субъектісімен бір тұлғалар тобына кірмейтін нарық субъектісі белгілейтін бағадан төмен болса;

2) осы баға осындай тауарды өндіру мен өткізудің нақты шығыстары сомасынан төмен болса, тауардың монополиялық төмен бағасы болып табылады.

5. Егер тауар бағасы осы баптың 4-тармағында көрсетілген критерийлердің ең болмағанда біреуіне сәйкес келмесе, ол монополиялық төмен баға болып танылмайды. Қазақстан Республикасының заңнамалық актілеріне сәйкес нарық субъектісіне белгіленген тауар бағасы монополиялық төмен баға болып танылмайды.

 Ескерту. 14-бапқа өзгерістер енгізілді - ҚР 06.03.2013 N 81-V Заңымен (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi); 03.07.2013 № 121-V (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Конституциялық заңымен; 29.09.2014 N 239-V (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейiн күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi) Заңымен.

Статья 1 ...12 13 14 15 16 ...81 

Перейти к статье






Добавить комментарий к 14-бап Бәсекелестiк туралы 2008 жылғы 25 желтоқсандағы N 112-IV