Ваш гид в законодательстве Казахстана

Каз Рус

Конституциялық Кеңесi туралы
35-бап. Конституциялық Кеңестiң қосымша шешiмi



Ст. 35 Конституциялық Кеңесi туралы 1995 жылғы 29 желтоқсандағы N 2737



1. Конституциялық Кеңес мына жағдайларда қосымша шешімдер қабылдайды, егер: 

1) Конституциялық Кеңестің шешіміне түсіндірме беру туралы мәселе қойылса. Мұндай жағдайда қосымша шешім конституциялық іс жүргізуге қатысушылардың не Конституциялық Кеңестің қорытынды шешімін орындауға міндетті мемлекеттік органдар мен лауазымды адамдардың өтініштері бойынша қабылданады; 

2) Конституциялық Кеңестің шешімінде жіберілген редакциялық сипаттағы дәлсіздіктер мен қателерді түзету қажет болса. Мұндай жағдайда Конституциялық Кеңес қосымша шешімді өз бастамасы бойынша қабылдайды. 

2. Қосымша шешiм Конституциялық Кеңес шешiмiнiң шынайы мазмұнына, мағынасы мен мақсатына қайшы келмеуге тиiс. 

3. Қосымша шешiмдi Конституциялық Кеңес отырысында қабылдайды, отырысты өткiзу тәртiбi Конституциялық Кеңестiң регламентiмен белгiленедi.

Ескерту. 35-бапқа өзгерту енгізілді - Қазақстан Республикасының 2008.06.17 N 41-IV Конституциялық заңымен.

Статья 1 ...33 34 35 36 37 ...47 

Перейти к статье
Скачать бесплатно Конституциялық Кеңесi туралы 1995 жылғы 29 желтоқсандағы N 2737 

Задать вопрос на юридическом форуме



Добавить комментарий к 35-бап Конституциялық Кеңесi туралы 1995 жылғы 29 желтоқсандағы N 2737